"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

МІРЖАҚЫП ДУЛАТОВ ОСЫ АЙДА ДҮНИЕГЕ КЕЛДІ

Жексенбі, 27 Қараша 2016 13:03

 

ХХ ғасырдың бас кезінде қазақ қоғамында қанат жайған демократиялық қозғалыстың , елдің елдігі еркіндігі , мәдени өркендеуі үшін күрескен жаңа бағыттың ең ірі өкңлдерінің бірі.

М.Дулатовтың тағдыры - патша өкіметінің қуғын сүргіні мен станлиндік репрессияның зардабынан тар жол тайғақ кешуді басынан өткізіп, қатары сирек тартсада әділетпен шындық жолында халқының мұң - мұқтажын жақтаған қазақ зиялыларына тән тағдыр.

М.Дулатов 1885 жылы қараша айының 25 күні Торғай уезінің Сарықопа болысының үшінші ауылында атақты шебер Дулат шаңырағанда дүниеге келді.

1935 жылы 5 қазанда айдауда, лагерде жүрген кезінде ауырып қайтыс болады. Әкесі Дулат қарапайым іскер қол шебері етікші болған. 2 жасында Міржақып анасынан айырылады. 8 жасында оны әкесі ауыл молдасыа оқуға береді. Бірақтан Міржақып өз өмірбаянында жазғанындай, ауыл молдасынан араб дұғаларын жаттағаннан басқа ештеңе үйренбеген.

Екі жылдан соң Міржақыпты атасы ауылдағы орыс мектебіне береді. 1897 жылы Торғайдағы орыс қазақ мектебінде оқиды. 1902 жылдан бастап ауылда мұғалімдік қызметін атқарып жүріп бос уақытын білімін жетілдіруге жұмсайды. Орыс тілін жетік меңгереді. Орыс және шетел жазушыларының творчестовасымен танысты. Оның пір тұтатын адамдары Фердауиси, А.Қ. Ясауи , Абу Фирас, Шиндер, Гете, Ломоносов , Пушкин, Лермотов , Маржани болды.

Міржақовтың тұқымы Байжұмырдан тарайды. Байжұмырдан – сансызбай, одан туғандар Ниязбек, Дулат, (1849 – 1897), Дулат пен Дәміштен туған балалар: Асқар (1865 – 1938), Қонысбай (Қошай, Злиха, Қанипа, Міржақып (1885 – 1935), Ақыжан (1973 жыл қайтыс болады.).

Міржақовтың ағасы Асқар Дулатов өзінен 20 жас үлкен болған. Оның ел ішінде беделі зор жұр силайтын, оқыған кісі, елбасшысы, атқа мінері болған.
1911 жылы Міржақып Қызылжардан Семейге барады. Полиция оны Сеймей түрмесіне қаматады. Онда бір жылдай отырып шығады. Міржақып 1914 жылы яғни 29 жасында Омбыда өзінен 10 жас кіші қазақ қызы Ғайнижамалға үйленеді. 1915 жылдың күзінде оның тұңғышы Гүлнар дүниеге келеді.

2031 рет қаралды

Пікір жазу