"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

МҮФТИЯТ АЛАШОРДА ҮКІМЕТІНІҢ 100 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ ҒЫЛЫМИ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТКІЗЕДІ

Сейсенбі, 31 Қаңтар 2017 18:11

 

Алаш ұлттық автономиясының құрылғанына 100 жыл толды. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанындағы Ғұламалар Кеңесінің XV мәжілісінде Алашорда үкіметінің 100 жылдығына орай республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізу туралы ұсыныс мақұлданды. Бұл туралы ҚМДБ баспасөз қызметі хабарлайды.

“Расында, қазақтың тарихы тағылымға толы. Мұсылмандықты мұрат еткен кешегі Алаш қайраткерлерінің ел ішіндегі сауатсыздықпен аянбай күресіп, ағартушылықпен айналысуы – өткен ғасырдың өлмес өнегесі, естен кетпес ерлігі деп айтар едік. Олар білімсіздің күні қараң екенін жете түсінді. Өздері бір емес, бірнеше саланы меңгерді, бірнеше пәндерді игерді. Олардың білім жолындағы жігері, халықты сауаттандырудағы еңбегі, ауыр сынақтарға төтеп берген табандылығы – әрбір азамат үшін үлкен үлгі”,  -деп атап өтті мәжілісте Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы.

Айта кетейік, ғылыми конференцияда Алаш қайраткерлерінің өмір жолы, еңбектері, туындылары туралы баяндама жасалып, оны кітап етіп шығару жоспарланды.

1889 рет қаралды
Осы категориядағы басқа материалдар: « АЛАШ «АМАНАТЫН» АРҚАЛАҒАН АЗАМАТ АМАНАТ (ПЬЕСА) »

Пікір жазу