24Маусым2017

"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

АЛМАТЫДА АШАРШЫЛЫҚ ҚҰРБАНДАРЫНА АРНАЛҒАН ЕСКЕРТКІШ АШЫЛДЫ

Сәрсенбі, 31 Мамыр 2017 12:51

 

Алматыда ашаршылық құрбандарына арналған ескерткіш ашылды. Мәдени нысанды қала әкімі Бауыржан Байбек ашты.

 

 

«Ашылғалы отырған ескерткіш өскелең ұрпақтың, жазықсыз шейіт болған ата-бабамыздың рухына бас иіп, тəуелсіздігіміздің баға жетпес байлық екендігін ұғындыра білетін киелі орын болары сөзсіз. Елбасының тапсырмасымен өткен жылы осы ескерткішті салуға байқау жариялаған едік. Оған жалпы саны 21 жоба арнайы мамандардың талқылауынан өтті. Астанадағы мемлекеттік комиссияның ұйғаруымен баласын кеудесіне қысқан ана бейнесі жеңімпаз деп танылды. Ана - бар тіршіліктің қайнар көзі, келешек кепілі. Ана қасіреті - ел қасіреті. Аштықтан бұратылған болашағын, сәбиін құшақтаған ана халі сол замандағы өмір мен өлім арасындағы қазақ халқының басынан кешкен тағдырын шынайы бейнелейтіндей», - деді Бауыржан Байбек.

 

 

Қола мен граниттен жасалған биіктігі үш метр ескерткіш авторлары Қанат Бигулиев, Айдос Бүркітбаев, Дулат Үсембаев. Айта кету керек, бұдан ширек ғасыр бұрын осы жерге «1931-33 жылдардағы ашаршылық құрбандарына ескерткіш орнатылады» деген белгітас қойылған болатын. Естеріңізге сала кетейік, Голощекиннің күштеп ұжымдастыру саясатының салдарынан 1931-33 жылдары қазақ даласын аштық жайлады. 1931-1933 жылдары бүкіл Қазақстан бойынша аштықтан 6,2 млн халықтың 2,1 млн-ы қырылды.

265 рет қаралды

Пікір жазу