15Желтоқсан2017

"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

КЕНТАУДА ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ ДЕҢГЕЙІ ТӨМЕНДЕГЕН

Сенбі, 28 Қараша 2015 10:52

 

Қала әкімдігінің баспасөз орталығында ҚІІБ басшысының орынбасары Нұржан Дәулетовпен болған брифингте биылғы жылдың он айлық көрсеткіші бойынша құқық бұзушылықпен және орын алған қылмыстар туралы жергілікті БАҚ өкілдеріне жан-жақты мәлімет берді. Қазіргі таңдағы жастар арасындағы қылмыстар 200 пайыз көрсеткішке, яғни 3/1 бөлікке төмендеді. Биылғы жылы көлік ұрлау, алаяқтық қылмыстар көтеріліп тұр. Алаяқтық қылмыс былтырғымен салыстырғанда 23 тен 38-ге көбейсе, ал көлік ұрлау қылмысы үштен сегіз пайызға өскен. Мал ұрлау қылмысы былтырғыға қарағанда 24,9 пайыз көрсеткішке төмендеді. Тонау қылмысы былтырғыға қарағанда төмендеген. Ауыр және аса ауыр қылмыстар былтырғы жылға қарағанда 38-ден 41 пайызға өсіп тұр, яғни 83,0%-85,7 % құрап тұр. Толығырақ айтқанда, Кентау қаласымен оған қарасты ауылдардағы жалпы құқық бұзушылықтардың саны былтырғы жылмен салыстырғанда 20,7%-ға өскен. Яғни 2014 жылы 503 қылмыс болса, биыл 2015 жылы 607 қылмыс тіркелген. Оның ішінде 87-і теріс қылық. - Бізде қалада нашақорлықпен он адам тіркеуде тұрады. Нашақорлықтан арылтып тура жолға түсуге олармен арнайы жұмыстар жасалынып жатыр. Бейнебақылау камерасының да көмегі көп. Жол бойында қойылған бейнебақылау камерасы арқылы бізге он үш қылмысты ашуға мүмкіндік туды.Қылмыстарды, құқық бұзушылықтарды анықтау мақсатында Кентау ҚІІБ қызметкерлерімен профилатикалық тұрғыда «Құқықтық тәртіп», «Қару», «Айыппұл», «Қауіпсіз аула», «Жасөспірім» іс шаралары жиі өткізіліп тұрады, - деді ҚІІБ  басшысының орынбасары Нұржан Дәулетов.

КЕНТАУ әкімдігі баспасөз қызметі

583 рет қаралды

Пікір жазу