"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

ТҰРҒЫН ҮЙЛЕРДІ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСАДЫ

Сенбі, 28 Қараша 2015 11:39

 

2014 жылы қала бойынша 6728800 теңгеге күрделі жөндеуден өткен 9 көпқабатты тұрғын үй (522 пәтер) тұрғындарының қол қойған үш жақты келісім-шарт және кестеге сәйкес несиені уақытылы қайтаруына бақылау жұмыстары тұрақты жүргізілуде. Қазіргі таңға, 10 айдың қорытындысы бойынша тұрғындар тарапынан қайтарылған қаржы 3536469 теңгені құрап, 100 пайыз орындалды. Бөлім тарапынан бүгінгі таңда әр пәтер иелерін аралап, түсіндірме жұмыстары жүргізілуде. Бұл туралы Кентау қала әкімдігінің баспасөз орталығында өткен брифингте қалалық тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Төрехан Сүлейменов айтып өтті. Жалпы қала бойынша 358 көпқабатты тұрғын үй бар. Кентау қаласы бойынша 2015 жылы 37 көпқабатты тұрғын үйлерді жөндеу жұмыстарынан өткізу жоспарланған. Бүгінде олардың құжаттары заң аясында күрделі жөндеуден толық өтуге дайын және ОҚО тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және жолаушылар көлігі басқармасы арқылы ҚР Ұлттық экономика министрлігіне тапсырылған. Бөлінетін қаржы қараша айында республикалық бюджетті нақтылау кезінде қаралатын болады. ҚР «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы» аясында Кентау қаласында пәтер иелерінің кооперативін құру (КСК) бойынша бөлім жоспары түзіліп, қала әкімінің орынбасарымен бекітілді. Қыркүйек айында - 1 ПИК (КСК), қазан айында - 4 ПИК (КСК), барлығы-5 ПИК (КСК) құрылып, қалалық әділет басқармасынан тіркеуден өтті. Қазіргі таңда, межеге сәйкес, қараша айында құрылатын ПИК (КСК) бойынша тұрғындармен кездесулер өткізіліп, түсіндірме жұмыстары негізінде құжаттарын рәсімдеу жұмыстары атқарылуда. 2016-2017 жылдарға жөндеу жұмыстары жүргізілетін көпқабатты тұрғын үйлер анықталып, тұрғындармен кездесулер өткізіліп, келісімін алу жұмыстары жүргізілуде, сонымен қатар, осыған қатысты тиісті құжаттары дайындалып, рәсімделуде.

515 рет қаралды

Пікір жазу