"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

ЖҮГЕРІ ӨҢДЕЙТІН КЕШЕН АШЫЛДЫ

Жұма, 04 Желтоқсан 2015 15:03

 

Бүгін Отырар ауданында жылдық қуаттылығы 10 мың тоннаны құрайтын жүгері сақтау және кептіру кешені іске қосылды. Жалпы құны 450 миллион теңге болатын кәсіпорынның ашылу салтанатына ОҚО ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының міндетін атқарушы П.Тастанов пен Отырар ауданының әкімі С.Полатов қатысты. «Ауданда жүгері дақылын 1990 жылдардағы көлемге жеткізу және жүгері кластерін дамыту бойынша жұмыстар атқарылып жатыр. Мәселен, 2020 жылға дейін жүгері алқабын 15 мың гектарға жеткізу жөніндегі іс-шара жоспары бекітілген. Сонымен қатар, 2016 жылы 7,5 мың гектар жерге жаңа технологияларды пайдалану арқылы жүгері егу жоспарланып отыр. Бүгінгі бой көтерген кешен алдағы уақытта 10 мың тоннаға дейін өнім қабылдауға әзір. Бұл ауданымызда шағын және орта кәсіпкерліктің дамуына жасалған жағдай», – деді аудан әкімі. Кәсіпорын басшысының айтуынша, бұл кешеннің ашылуы жүгері кластерін дамытуға негіз болмақ. Себебі, бұрындары дихандар жинаған өнімін кептіре алмай, алажаздай еткен еңбегі зая кететін. Енді шаруаларға өнімдерін ысырапсыз жинап алуына мүмкіндік туып отыр. Мұнда 35 адам жұмыспен қамтылған. Кешеннің өніміне сұраныс артып, шикізат көбейсе, болашақта жұмыс қуаттылығы бұдан әрі артпақ.

 

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

509 рет қаралды

Пікір жазу