15Желтоқсан2017

"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

ОҚО-ДА МАЛАЙЗИЯЛЫҚТАР ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖ САЛМАҚ

Жұма, 11 Желтоқсан 2015 17:35

 

Оңтүстік Қазақстанда алдағы уақытта халықаралық техникалық колледж  салынатын болады. Аталған жобаға инвестиция тарту, техникалық және кәсіптік білім саласын нығайту  мақсатында  облыс әкімдігі  мен  Малайзиялық «King Holding»  ЖШС  арасында  ынтымақтастық  меморандумына  қол қойылды. Өздеріңізге мәлім, Елбасы Н.Ә.Назарбаев 30 қарашадағы халыққа жариялаған  Жолдауында техникалық кадрлар дайындау жүйесін барынша дамытуды айтқан болатын. Мемлекет басшысының міндеттерін орындау мақсатында өңір басшысы Б.Атамқұловтың бастамасымен облыстың білім саласына, соның ішінде мамандар даярлауға инвестициялық жобаны тарту үшін Оңтүстік Қазақстанға  Малайзиялық инвестициялық компанияның өкілдері жұмыс сапарымен келіп отыр. Облыс әкімінің орынбасары Е.Садырмен өткен кездесуде  Малайзиялық инвестициялық компанияның өкілдері Шымкент қаласында бой көтеретін халықаралық техникалық колледж құрылыс нысанының жобасын таныстырды. Инвестордың қаражаты есебінен салынатын құрылыс жобасының жалпы құны шамамен  3 млрд. 600 млн. теңге. Құрылысты салу мерзімі 2 жыл. Колледждің  700 орындық оқу корпусы,  200 орындық жатақханасы болады деп күтілуде. Сонымен қатар, практикалық сабақтар өтетін шеберхана ғимараты, теннис, волейбол, баскетбол, футбол алаңы мен тікұшақ конатын алаң және өрт сөндіру, суда құтқарушы мамандарын даярлауда тренинг-тәжірибе сабақтарын өткізетін бассейн салу жоспарланып отыр. Бұл оқу орнында инженер-механик, автокөлік инженері, электр инженері, төтенше жағдайлар бойынша өрт сөндіруші және құтқарушы, автоматика және электрлендіру, аспаздық, наубайшы мамандықтары бойынша оқытылатын болады.

 

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

492 рет қаралды

Пікір жазу