"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

ТӘУЕЛСІЗДІККЕ ТАРТУ: САРЫАҒАШТА ЕКІ БІЛІМ БЕРУ НЫСАНЫ АШЫЛДЫ

Сәрсенбі, 16 Желтоқсан 2015 18:33

 

16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні мерекесіне орай, Сарыағаш ауданының Ошақты ауылдық округіне қарасты Саттаров елді мекенінде 600 оқушыға шақталған Ы.Алтынсарин атындағы №104 орта мектептің құрылысы бітіп, пайдалануға берілді. Жаңа білім ошағының ел игілігіне берілуі аудандағы апатты мектептердің санын біреуге азайтуға себеп болып отыр. Айта кетейік, аталған білім мекемесінің ескі ғимараты апатты саналып, шәкірттердің білім алуына қауіп төндірген болатын. Іргетасы өткен жылдың маусым айынан бастап қалана бастаған нысан республикалық бюджет есебінен бой көтерген. Мектеп ғимаратында 150 орындық асхана, спорт залы мен 120 орындық акт залы, 35 оқу бөлмесі, 2 лингафон залы мен 2 информатика, 1 химия-биология, 1 физика, 2 мультимедия кабинеттері бар. Оған қоса, кітапхана үлкен оқу залымен және еңбек сабағына арналған құрал жабдықтармен қамтамасыз етілген. Сонымен қатар, мереке қарсаңында аудандағы Жылға ауылдық округіне қарасты Шеңгелді елді мекенінде мемлекет пен жекеменшік әріптестігі аясында 120 орындық балабақша пайдалануға берілді. Бүгінде аудандағы 192 балабақшада 20 мыңға жуық бала тәрбиеленуде. Оның 27-сі мемлекеттік болса, 133-і жекеменшік әріптестік негізінде құрылған. Ал 32-сі шағын орталық. «Балапан» бағдарламасы аясында атқарылған жұмыстардың нәтижесінде Сарыағаштағы бүлдіршіндерді балабақшамен қамту деңгейі 80%-ды құрап отыр.

 

Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі

381 рет қаралды

Пікір жазу