"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ А.СӘРІНЖІПОВПЕН КЕЗДЕСТІ

Дүйсенбі, 21 Желтоқсан 2015 14:24

 

Бүгін ҚР Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов жұмыс сапарымен Оңтүстік Қазақстан облысына келді. Сапары барысында министр өңір басшысы Б.Атамқұловпен кездесіп, аймақтағы үш ауысымды және апатты мектептердің санын азайту, балаларды техникалық мамандықтарға баулу жайын сөз етті. Облыс әкімінің айтуынша, жыл басынан бері өңірдегі апатты ғимаратта орналасқан мектептердің орнына жаңа 24 білім ошағы салынып, пайдалануға берілген. Ал жыл соңына дейін тағы 5 мектептің құрылысы аяқталады. Нәтижесінде, облыстағы 46 апатты мектептің қалған 17-сі алдағы жылдары шешімін табатын болады. Сондай-ақ, үш ауысымды білім беруді жою бағдарламасы шеңберінде келер жылы 11 мектептің құрылысы басталады деп күтілуде. Еліміздің бас мұғалімі Оңтүстікке жасаған жұмыс сапары аясында «Нұрлы Жол» бағдарламасының – жаңа экономикалық саясатына және мемлекеттік индустриялы-инновациялық даму бағдарламасын жүзеге асыру үшін мамандарды даярлайтын 10 базалық колледж қатарына кіретін Жаңа технологиялар колледжі мен Шымкенттегі үш ауысымды екі мектепте болып, М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дың жаңа секциялық 5 қабатты жатақханасының ашылуына қатысады деп жоспарлануда. Білім министрінің ОҚО-ға сапары өңірдегі білім ошақтарына қатысты бірқатар мәселелердің шешімін табуына ықпал етті.

 

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

463 рет қаралды

Пікір жазу