"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

ЖАҢА ЖЫЛДАН БАСТАП ЕҢБЕКАҚЫ ЖАҢА МОДЕЛЬМЕН ТӨЛЕНЕТІН БОЛАДЫ

Сейсенбі, 22 Желтоқсан 2015 14:34

 

Бұл туралы бүгін ОҚО Аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы А.Абдуллаев хабарлады. ҚР Президенті Н.Назарбаевтың «Қазақстан жаңа жаһандық ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты Жолдауында айтылған міндеттердің орындалу жайын айтқан Арман Абдуллаев 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап азаматтық қызметшілерге еңбекақы төлеу жүйесінің жаңа моделінің енгізілуіне байланысты, облыс бойынша еңбекақыға жалпы 44,8 млрд. теңге көлемінде республикалық бюджет есебінен нысаналы трансферттер қарастырылып жатқанын айтты. Елбасы Жолдауда экономикалық тәуекелдерге, жалпы, ештеңеге де қарамастан, біз халықты әлеметтік қорғау шараларын жүзеге асыруды жалғастырамыз деген болатын. «Еңбекақы төлеу жүйесінің ұсынылатын моделінде қызметкерлер қызметінің ерекшелігіне, кәсіптік деңгейіне, жауапкершілік және орындалатын жұмыстың күрделілігі деңгейіне қарай азаматтық қызметшілердің лауазымдары 4 функционалдық блогқа бөлінетін болады», - деді басқарма басшысы. Сонымен қатар, баспасөз мәслихатында халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту мақсатында келер жылы 45 білім беру және 9 денсаулық сақтау нысандарының құрылысы жүргізілетін болады. Ал тұрғындарды сапалы инфрақұрылыммен қамту мақсатында 24 нысан іске қосылып, 13 елді мекендегі 160 583 адам ауыз сумен қамтылса, газбен қамту бойынша 21 нысан іске қосылып, 48 елді мекендегі 80 мыңнан астам тұрғын көгілдір отынмен қамтылады деп жоспарлануда. Сондай-ақ, жалпы алаңы 35,6 мың шаршы метрді құрайтын 57 үй пайдалануға берілмек.

 

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

502 рет қаралды

Пікір жазу