15Желтоқсан2017

"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

ОҚО-ДА ҚҰНЫ 1 МЛРД. ТЕҢГЕ БОЛАТЫН КЕРОМАГРАНИТ ЭКСПОРТТАЛҒАН

Сәрсенбі, 23 Желтоқсан 2015 14:43

 

Индустрияландыру картасы аясында осы жылдың мамыр айында жұмысын бастаған керомагранит зауыты сегіз айда 800 мың шаршы метр өнім шығарды. Бұл еліміздегі керамика өнімдерін шығаратын жалғыз кәсіпорын. «Зерде-Керамика» ЖШС-гі бүгінде «MK Ceramics» брендімен құны 1 млрд. теңге болатын керомагранит өнімдерін экспорттаған. 175 адамды жұмыспен қамтып отырған өрдіріс орны мамандарының білімін жетілдіріп отырады. Итальяндық «Barbieri & Torozzi» жабдықтары орнатылған кәсіпорында сапасы жоғары саз, таза кварц құмы, дала шпаты және табиғи пигменттер қолданылады. Ал пайдаланылатын шикізаттың 70 пайызы жергілікті өнім. Кәсіпорын бұл күні 300х300 мм, 400х400 мм, 600х600 мм, 600х300 мм өлшемді үсті тегістелген және жылтыратылған глазурленбеген керамогранит плиткаларын шығарады. Алдағы уақытта өнім қуаттылығын жылына бес миллион шаршы метрге дейін арттыру жоспарланған. Сонымен қатар кәсіпорын ашылғалы бері диллерлік желіні дамытқан. Бүгінде еліміздің бірқатар қалалары мен облыстарында «Зерде-Керамика» ЖШС-нің 40-тан астам диллерлері бар. Ресейге 5 млн. шаршы метр, Қырғыстанға 100 мың ш.м., Тәжікстан мен Өзбекстанға 200 мың шаршы метр керомагранит жеткізіу үшін келісімдер жасалған.

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

530 рет қаралды

Пікір жазу