"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

ОҚО ӘКІМІ ҮЗДІК КӘСІПКЕРЛЕРДІ МАРАПАТТАДЫ

Жұма, 25 Желтоқсан 2015 11:23

 

Бүгін ОҚО әкімі Бейбіт Атамқұлов Шымкенттегі «Rixos Khadisha Shymkent» қонақ үйінде кәсіпкерлік саласындағы жыл үздіктерін құттықтау рәсіміне қатысып, 39 азаматты 13 аталым бойынша марапаттады. Атап айтсақ, «Жылдың үздік кәсіпкері» - Қ.Молдасейітов, Ш.Әбдиев және Р.Суховтар болса, «Жылдың үздік өнеркәсіп кәсіпорны» - «Зерде Керамик» ЖШС, «HILL Corp» ЖШС, «Назар Текстиль» ЖШС-лары деп танылды. Ал «Жылдың үздік инновациялық жобасы» ретінде «Кентау трансформатор зауыты» АҚ мен «Химфарм» ЖШС және «KARLSKRONA LC AB» ЖШС-ы марапатталып, «Кәсіпкерлікті қолдау бойынша жылдың үздік әкімдігі» болып Ордабасы, Түлкібас аудандары мен Түркістан қаласы атанды. Жиында сөз алған аймақ басшысы кәсіпкерлік саласының ел экономикасында орны ерекше екеніне тоқталып, өңірімізге алдағы бес жылдықта шетелдік және отандық инвесторларды тарту бойынша жұмыстардың жанданатынын, мемлекеттік жекеменшік әріптестігі аясында аз қамтылған отбасыларға көмек көрсетіліп, балабақшалар мен мектептердің, сондай-ақ, өзге де әлеуметтік нысандардың құрылысы жүретінін жеткізді. Айта кетейік, облыста шағын және орта кәсіппен айналысатын 186 мың кәсіпкер бар. Облыстың өсіп-өркендеуіне үлес қосып, оның экономикасын көтеріп жүрген мұндай азаматтар алдағы уақыттарда да облыс әкімшілігі тарапынан қолдауға ие бола бермек.

 

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

500 рет қаралды

Пікір жазу