"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

ОҚО ӘКІМІ ӨҢІРДІҢ БЕС ЖЫЛДЫҚ ДАМУ БАҒДАРЛАМАСЫМЕН ТАНЫСТЫ

Дүйсенбі, 28 Желтоқсан 2015 17:43

 

Бүгін өңір басшысы Б.Атамқұловтың төрағалығымен облыстың 2016-2020 жылдарға арналған даму бағдарламасының таныстырылымы өтті. Жиында сөз алған облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы А.Абдуллаев бағдарламаның алты бағыт бойынша жүзеге асатынын айтты. Яғни алдағы бесжылдықта өңірдегі қала тұрғындарын 100 пайыз, ал ауылдық елді мекеннің 80 пайызы орталықтандырылған ауыз су жүйесімен қамтамасыз етілетін болады. Сонымен қатар үш ауысымды және апатты мектептерді жою, балабақшамен қамту 77,7%-дан 100% жеткізу жоспарланған. Одан бөлек экономика, әлеуметтік сала, қоғамдық қауіпсіздік және құқық тәртібі, инфрақұрылым, экология және жер ресурстары мен мемлекеттік қызметтер сынды қамтылмақ. Басқарма басшысы даму бағдарламасын таныстыру кезінде облыстың негізгі бағыты ауыл шаруашылығына бөлінетін қаржының үлесін 5% дейін көбейтуді ұсынды. Жиын соңында даму бағдарламасы бойынша ұсыныстар қабылданып, толықтырулар енгізе отырып, 2016-2020 жылдарға арналған даму бағдарламасының жобасын облыс әкімдігі мен облыстық мәслихаттың қарауына ұсынылатын болады.
Cонымен қатар бүгін Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінде өткен мәжілісте экономикалық және әлеуметтік тұрақтылықты 2016-2018 жылдары қамту бойынша өңірдің дағдарысқа қарсы іс-шаралар жоспары қаралды. Өңір басшысы Б.Атамқұловтың төрағалығымен өткен жиында дағдарысқа қарсы іс шаралар жоспарын облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы А.Абдуллаев таныстырды. Екі жылдық жоспарда облыста өнеркәсіп пен шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау, инвестиция тарту, агроөнеркәсіптік кешенін дамыту, жұмыс орындарын құру, инфрақұрылым, бюджет және салықтық түсімдер мен азық-түлік тауарларының бағаларын өсірмеу шаралары қаралған. Сонымен қатар жекешелендіру, мемлекет иелігінен алу және заңдастыру, мемлекеттік жекеменшік әріптестігін дамыту, халықтың тұрғын үйлерге қолжетімділігін арттыру сынды бағыттар бойынша да жұмыстар атқарылмақ. Жиында дағдарысқа қарсы іс-шаралар жоспарындағы аталған мәселерлер кеңінен талқыланып ұсыныстар қабылданды.

 

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

503 рет қаралды

Пікір жазу