"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ: ОРДАБАСЫ АУДАНЫ КӘСІПКЕРЛІКТЕ КӨШ БАСТАЙДЫ

Сәрсенбі, 30 Желтоқсан 2015 16:24

 

Ордабасы ауданында шағын және орта кәсіпкерлік саласы жыл санап қарқынды дамуда. Облыс әкімдігі тарапынан аудан әкімдіктеріне берілетін бағалауда аудан өткен жылы жоғары рейтингтік көрсеткішке ие болса, осы жылы индикаторлық көрсеткіштер бойынша көш бастап, 9 айдың қорытындысымен 1-ші орынды иемденіп отыр. Сонымен қатар, кәсіпкерлік саласындағы жыл үздіктері конкурсында Ордабасы ауданы әкімдігі облыс бойынша І дәрежелі «Кәсіпкерлікті қолдау бойынша үздік әкімдік» аталымын алса, ІІ дәрежелі «Жылдың үздік экспорттаушысы» номинациясын «Ордабасы құс» ЖШС иемденді. Ал ІІ дәрежелі «Жылдың үздік әйел кәсіпкері» жүлдесін «КАЗКИОТИ» ЖШС-нің басшысы алды. Жоғары жетістіктерге қол жеткізуде мемлекеттік бағдарламалар тетіктерін кәсіпкерлерге дұрыс жеткізіп, оны тиімді пайдалану өз нәтижесін көрсетті. Аталған ауданда 2015 жылы Индустрияландыру картасына 11 жоба енгізіліп, индикатор 100% орындалды. Сонымен қатар, карта шеңберінде 2 жоба іске қосылды. Ал ауданға тартылған инвестицияның жалпы көлемі 21 млрд. 788 млн. 384 мың теңгені құрап, өткен жылмен салыстырғанда 2 есеге артты. Оның ішінде ауданға тартылған бюджеттік емес инвестиция көлемі 15 млрд. 981 млн. теңге. Сондай-ақ, ауданда өндірістік кәсіпорындарды индустирияландыру аясында 2 индустриалды аймақ ашылды. Оның бірі «Шұбар» индустриялды аймағы. Аумағы 93 га құрайтын аймақта алдағы уақытта 7 жоба іске асатын болады. Екіншісі аумағы 50 гектар болатын «Қазақ-түрік» индустриалды аймағы. Мұнда жалпы құны 12 млрд. 899,2 млн. теңгені құрайтын 8 жоба мақұлданып отыр. Ордабасы ауданындағы шағын және орта кәсіпкерлік саласындағы субьектілер саны 8619 бірлікті құрайды. Олар ашқан кәсіпорындарда жыл басынан бері 19 мыңнан астам азамат жұмыспен қамтасыз етті.

 

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

600 рет қаралды

Пікір жазу