"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

ОҚО-ДА БИОТЫҢАЙТҚЫШТАР ШЫҒАРАТЫН ЗАУЫТ САЛЫНБАҚ

Сейсенбі, 12 Қаңтар 2016 15:43

 

ОҚО әкімдігі мен «Lotus Food» және «Organic Algae - Fertilizer» ЖШС-і түрік компаниялары арасында Қазығұрт ауданындағы индустриалды аймақтан жалпы сомасы 12 млн. АҚШ долларын құрайтын биохимиялық тыңайтқыш пен құрамажем шығаратын заманауи зауыттың құрылысы жөнінде келісім жасалды. Аумағы 6 гектарды қамтитын жоба келешекте 200-250 адамды жұмыспен қамтып, жылына 10 мың тонна дайын өнім шығаруға қауқарлы болмақ. Соңғы кездері экологияны бұзатын синтетикалық тыңайтқыштардың көптеп шығарылып жатқаны белгілі. Ал қазақ-түрік әріптестігі негізінде өндірілетін тыңайтқыштар топырақтың физико-химиялық қасиетін жақсартып, құрамын жетілдіретін болады. Осыған байланысты синтетикалық тыңайтқыштардың баламасы ретінде бұдан былай биоорганикалық тыңайтқыштар қолданыла бастамақ. Әлемдік нарықта соңғы 10 жылда биоорганикалық тыңайтқыштарды өндіруді дамыту жұмыстары Еуропада 40 пайызды көрсетті. Бұл өз кезегінде, аталған өнімдердің дүние жүзіне қажеттілігін көрсетеді. Аталған биотыңайтқыштардың қолданылуымен өсірілген ауыл шаруашылығы өнімдеріне халықаралық сапа сертификаты мен «Халал» стандарт сертификаты беріледі. Бұл Қазақстандық өнімдерді әлем нарқына еш кедергісіз экспорттауға мүмкіндік бермек.  Мұндай технология облыстың ауыл шаруашылығы өнімдерінің сапасына да оң тыныс береді деп күтілуде. Себебі жергілікті жерде шығатын биотыңайтқыштардан пайда да орасан. 

 

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

448 рет қаралды

Пікір жазу