"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

ЕЛБАСЫ ЖОЛДАУЫ САЙРАМ АУДАНЫНДА НАСИХАТТАЛДЫ

Сейсенбі, 12 Қаңтар 2016 15:49

 

Сайрам ауданындағы Ақсукент көпсалалы колледжінде Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» Жолдауын халық арасында насихаттау мақсатында облыстық Ассамблея жанынан құрылған ақпараттық – насихаттық топ мүшелері жергілікті халықпен кездесу өткізді. Іс-шара барысында облыс әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ-нің басшысы Е. Байқонақов, Сайрам аудандық өзбек этномәдени бірлестігінің төрағасы П.Исламов баяндама жасаса, Ақсукент көпсалалы колледжінің директоры, республикалық «Мерейлі отбасым» конкурсының жеңімпазы К.Қуатбекова, Сайрам аудандық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Ж.Рүстемов, Сайрам аудандық түрік этномәдени бірлестігі төрағасының орынбасары И.Турки жарыссөзге шығып, өз пікірлері мен тілектерін жеткізді. - «Президентіміздің «Мемлекет болу үшін әр отбасында ынтымақ, бірлік болуы керек», - деген сөзін естен шығармауымыз керек. Ақиқатта, таудың баласы тауға қарап өседі. Қазіргі жастарымыз телеарналардан Елбасымыз қашан сөйлейді екен деп күтіп отырады, бұл жаман емес. Болашақта кім боласың деп сұрай қалсаң, Президент боламын деп, сондай болуға талпынып, ұқсап баққан жастарымыз өсіп келеді. Елбасымыз 2050 стратегиялық жоспарын бекер айтқан жоқ. Біз әр күні 2050 жылға дейінгі жететін жетістіктерімізді айтқан сайын, сол күнге қол жетезетінімізге сенімдімін», - деді ауыл қариясы Жидебай ақсақал. Оңтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары М.Қалмұратов: «Әрбір жыл сайынғы Президент Жолдаулары Қазақстанның мемлекет ретінде қуатын арттыра түсетін басты мақсат-мұраттарға негізделіп жасалады. Олардың әрқайсысы өзіндік бір мақсаттарға бағытталып, белгілі бір жүйемен және оларды жүзеге асыру талаптарымен нақтылы құрылады. Елбасы айтқандай: «Дағдарыстың бәрі өткінші, өтеді де, кетеді. Ел тәуелсіздігі, ұлт мұраты, ұрпақ болашағы сияқты ұлы құндылықтар ғана мәңгі». Ендеше, басты байлығымыз – қоғамдық келісім мен түсіністікті, ел тәуелсіздігін сақтау ісіне бір кісідей ат салысып, барлық күш-жігерімізді жұмсайық», - деп кездесуді қорытындылады.

501 рет қаралды

Пікір жазу