"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

ЕЛБАСЫНЫҢ «ҰЛТ ЖОСПАРЫ– ҚАЗАҚСТАНДЫҚ АРМАНҒА БАСТАЙТЫН ЖОЛ» МАҚАЛАСЫ ТУРАЛЫ ӨҢІР ҒАЛЫМДАРЫ ПІКІР АЛДЫРУДА

Сәрсенбі, 13 Қаңтар 2016 11:26

 

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың  «5 институционалдық реформа - 100 нақты қадам»   бағдарламасы  бұл  - антидағдарыстық жоспар. Елбасының  «Ұлт жоспары - қазақстандық арманға бастайтын жол»  атты  мақаласын оқып,  танысқан  Шымкент университетінің тәрбие ісі жөніндегі проректоры, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент  Дүйсен Тапалов бүгін ОҚО Аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен брифингке осылай деді. Мемлекеттер тарихында Тәуелсіздікті алу бір басқа болғанымен, оны сақтап қалу қиын екенін жеткізген доцент бүгінгі Тәуелсіз Қазақ елінің таңы арайлы, айбыны асқақтығын баяндады. Еліміздің өркендеп, дамуында  Елбасының үлесі орасандығын, Президент ұсынған түрлі реформаларды шығарып, іске асырудың арқасында Қазақстан Республикасы әлемдік қауымдастықта дамудың даңғыл жолына түскен ел ретінде танымал болғандығын еске салды. Ендігі бізге қалғаны, қазақстандық арманға бірге бастайтын жолға жұмыла кірісу қажеттігін жеткізді. - Елбасы өз мақаласында кәсіби мемлекет құру  үшін  бәсекеге қабілетті, кәсіби  кадр  керек деп астын сызып айтқан болатын. Расында да, қазіргі күні, көп мәселе маманның біліктілігіне байланысты. Сондай-ақ, Қазақстан экономикасының 30 пайызын көлеңкелі экономика құрайды. Салықтан жалтарып, сырт айналатындар көп. Бұдан былай, салық жүйесі   ашық  жүріп, ел  бюджетінің  бүйірі  шығып, халықтың әл ауқаты артады,  - деді  Дүйсен Тапалов. Брифинг соңында тарих ғылымдарының кандидаты Д.Тапалов - Президент алға қойып отырған  «5 институционалдық реформа - 100 нақты қадам» - Ұлт Жоспары жүйелі  жүзеге  асуы  үшін  дінаралық  татулық пен  бірлік, тәртіп пен сенім  кажет екенін айтты. Сонда ғана  мемлекет көркейеді, ел экономикасы дамиды дейді ол.

 

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

868 рет қаралды

Пікір жазу