15Желтоқсан2017

"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

ОҚО – ДА МЕДИЦИНА САЛАСЫНА МАМАНДАНҒАН ЕКІ КӘСІПОРЫН СӘТТІ ЖҰМЫС ІСТЕП КЕЛЕДІ

Сәрсенбі, 13 Қаңтар 2016 11:33

 

Оңтүстік Қазақстан облысында медицина саласына маманданған 2 өндіріс орны сәтті жұмыс істеп келеді. Оның бірі республиканың фармацевтика саласындағы гигант-кәсіпорын саналатын және отандық мемлекеттік сатып алу нарығындағы үлесі 45% құрайтын «Химфарм» АҚ.
Компания Polpharma компаниялар тобының құрамында және қазақстандық фармацевтикалық кәсіпорындар арасында алғаш болып залалсыздандырылған өндіріске GMP-стандарттарының сертификатын алды. Қазіргі таңда, зауыт капсула, таблетка, инъекциялық ерітінді, сироп, суппозиторий, май, мазь, гель, линимент, су және спирттік ертінділер түріндегі дәрі-дәрмектің 12 фармакологиялық топтағы 200 атауын шығаруда.
  «KAZMEDPRIBOR Holding» компаниясы медициналық техника шығару және жедел жәрдем машиналарын жабдықтаумен айналысады.
Айт кететін болсақ, компания диагностикалық медициналық құрылғыларының ірі өндірушісі «Shimadzu Corporation» компаниясымен бірлесіп рентген-диагностикалық аппараттар өндірісін бастауға дайындалуда. Бірлескен жоба аясында барлық кезеңдердің технологиялары қарастырылып, компанияның қызметкерлері тікелей «Shimadzu Corporation» зауытында оқытылуда. Бірнеше рентген-аппараттарының түрлері: жылжымалы рентгендік кешен, палаталық ретнген-аппарат, телебасқарушы рентгендиагностикалық кешен және рентгенграфикалық жүйелерін өндіру жоспарлануда.
Сонымен қатар, 2015 жылы «KAZMEDPRIBOR Holding» пен «Gesan Production Srl» CHEM-200 автоматты биохимиялық анализатор мен лабораториялық құрылғыларды өндіретін зауыт құру бойынша келісім-шартқа қол қойды. Жобаның мақсаты Қазақстанның және көршілес мемлекеттердің емдеу-профилактикалық диагностикалық мекемелерін халықаралық GMP EU стандарттарына сәйкес әзірленген сапалы және қолжетімді диагностикалық құрылғылармен, сондай-ақ медициналық реагенттермен жабдықтау болып табылады.
Қос өндіріс орнының жұмыс барысымен танысқан аймақ басшысы өңір үшін мұндай кәсіпорындардың жұмыс істеуі маңызды екенін жеткізді. Әсіресе, Б.Атамқұлов, мұндағы өндірілетін дәрі-дәрмек пен медициналық құрылғыларды өндірудің қуаттылық көлемін арттыру қажетін баса айтып, отандық өнімді көптеп шығару арқылы импорттық тауарлардан бас тартуға болатынын айтты.

 

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

415 рет қаралды

Пікір жазу