"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

ЖАҢА ЖЫЛДАН АҚТАУДА МЕМЛЕКЕТТІК БАЛАБАҚШАЛАРЫ ЖАҢА ТӘРТІПКЕ АУЫСТЫ

Дүйсенбі, 18 Қаңтар 2016 05:36

 

 

Бұл туралы Ақтау қалалық білім бөлімінің басшысы Светлана Төлебаева хабарлады. Бұдан бұрын белгіленген тәртіпке сәйкес мектепке дейінгі мекемелер 17.00-ге дейін, одан соң әр МДО-да 18.30-ға дейін екі кезекші топ жұмыс істеген болатын.

- Ата-аналардың өтініші мен «Балалардың мектепке дейінгі тәрбие және білім беру нысандарына қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық ережелері» Санитарлық ережелерін бекіту туралы» заңның аясында Ақтау қаласының барлық мемлекеттік балабақшалары қаңтардар бастап 18.30-ға дейін жұмыс істейтін болады. Сәйкесінше, ақысы 9681 теңгеден 10731 теңгеге, яғни 1050 теңгеге артады (күніне 511 теңге). Қазірде біз осы мәселеге қатысты қаулы әзірлеп жатырмыз, - деп баяндайды Ақтау қалалық білім бөлімінің басшысы Светлана Төлебаева.
Қазірде Ақтау қаласында 34 мемлекеттік балабақша жұмыс істеп тұр.


«MangystauOnline»  ақпараттық орталық

450 рет қаралды

Пікір жазу