"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

ШҚО-ДА ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАРҚЫНДАЙ ТҮСУДЕ

Сенбі, 23 Қаңтар 2016 10:12

 

2015 жылы өңірде 1 925 пәтерлі 38 көппәтерлі тұрғын үй пайдаланылуға берілді. Биыл 6 543 пәтерлі 52 көппәтерлі тұрғын үйдің құрылысын жүргізу жоспарлануда. Аймақ басшысы Даниал Ахметовтің төрағалығымен өткен ШҚО әкімдігінің отырысында тұрғын үй құрылысы мәселесі қаралды, деп хабарлады облыстық әкімдіктің баспасөз қызметінде. 2015 жылы қаржыландырудың барлық көздері арқылы 81 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы жүргізілген. Олардың 38-і Өскемен, Семей, Риддер қалалары мен Ұлан, Глубокое, Бородулиха аудандарында пайдалануға берілді. 2016 жылы ауыспалы нысандармен қатар жалпы ауданы 538,8 мың шаршы метрді құрайтын немесе 6 543 пәтерлі 52 тұрғын үй салынатын болады. Облыс әкімінің тапсырмасы бойынша ортақ қаржыландыру қағидаты бойынша жеке құрылысшыларды жұмылдыра отырып «Ертіс» ӘКК арқылы 11 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілмек. Тұрғын үйлерді тікелей бюджет қаржысына салуды тоқтату керек. Жақын жылдары бұл салаға қаржылық ағылымның азайатынын ескерген жөн. Миллиардтаған қаражатқа болашақтың инфрақұрылымын салғанша, қазіргі уақыттың жобаларын іске асырайық. Өскемен және Семей қалаларында инфрақұрылымдары дайын аудандарда үйлер салу керек», - деді Даниал Ахметов. Айта кету керек, 2017 жылы жалпы ауданы 272 мың шаршы метрді құрайтын 31 көппәтерлі тұрғын үйдің құрылысы жоспарлануда.

432 рет қаралды

Пікір жазу