15Желтоқсан2017

"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

ОҚО-ДА МӘУЛІТ МЕРЕКЕСІ ТОЙЛАНДЫ

Дүйсенбі, 25 Қаңтар 2016 09:17

 

Шымкенттегі «Түркістан» салтанат сарайында «Тәлімі мол мәуліт айы – мүбәрак болғай!» рухани кеші өтті. Мерекелік шараға облыс әкімінің орынбасары С.Қаныбеков қатысып, барша мұсылман қауымын қасиетті мейраммен құттықтады. ҚМДБ-ның ОҚО-дағы өкілі – облыстың бас имамы А.Керімбек қасиетті мерекенің мән-мағынасына кеңінен тоқталды.
Мәуліт – араб сөзі, қазақша «туылған күн» деген мағына береді. Бұл атау Алла тағаланың ең сүйікті пендесі, Алла тағала елшілерінің соңғысы әрі сардары Мұхаммедтің (с.ғ.с.) дүниеге келуінің құрметіне берілген. Сондықтан да, әр жылы Рабиул - әууал айында Алла тағала өзінің сүйікті пайғамбары Мұхаммедтің (с.ғ.с.) үмметті етіп жаратқанына сансыз шүкірлік етіп, Оған (с.ғ.с.) салауаттар айтып, Мәулітті Ислам әлеміндегідей мерекелеу бізде де дәстүрге айналып келеді.
Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбардың іс-әрекеттерін насихаттап, салауаттар айтып, жастарға имандылық қағидаттарын түсіндіру мен оларды отансүйгіштікке, бауырмалдыққа, адамгершілікке, ата-ананы құрметтеуге және түрлі теріс қылықтардан сақтауға шақыруды мақсат еткен рухани кеште Мәуліт айында Алланы мадақтап, пайғамбарға (с.ғ.с.) салауат айтып, өзгелерге жақсылық жасаудың сауабы теңдессіз екені айтылды. Құран оқып, Алла Елшісінің (с.ғ.с.) өмірі мен өнегесі жайлы кітап оқудың да мұсылманға берері мол екені түсіндірілді.

 


ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

579 рет қаралды

Пікір жазу