"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

АЛМАТЫ ӘКІМІ ШАҺАРҒА ҚАТЫСТЫ УӘЖІН АЙТТЫ...

Сейсенбі, 26 Қаңтар 2016 17:46

 

Заңдастыру бағдарламасы аясында Алматыда 13 мыңнан астам нысан заңдастырылды. Бұл туралы бүгін Астанада Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Алматы әкімі Бауыржан Байбек мәлім етті. Оның сөзі бойынша, бүгінде өтініштердің 76,6%-ы қанағаттандырылуда. Яғни «егер қандайда бір жылжымайтын мүлік заңдастырылса, ол қаланың кіріс бөлігін толықтырады».
«Қазақстанда заңдастырылған қаражаттардың 50 пайызы Алматының еншісіне тиесілі екендігін айта кеткен жөн. Бұл - шамамен жалпы құны 200 млрд теңге болатын 13 мың нысан. Заңдастыру мемлекеттің кіріс көзі бола алады, сондықтан біз осы бағытта жұмыстарды жалғастыра береміз», - деп атап өтті ол. Алматы әкімі сонымен қатар, Алматыны елдің басты салық доноры деп атады.
«Алматы - бүгінде елдің ЖІӨ-нің 20 пайызын және салық түсімдерінің 31 пайызын қамтамасыз етіп отырған ірі мегаполис. Алматының жалпы аймақтық өнімі 2015 жылдың қорытындысы бойынша тұңғыш рет 8,5 трлн. теңгеден аспақ. Яғни 2,5 есе өсім тіркелді», - деді әкім.
Б. Байбектің айтуынша, екіншіден, бюджеттің көлемі 94,2 млрд. теңгеге өсіп, 446,5 млрд. теңгені құраған.
Оның еске салуы бойынша, Алматы жеке капиталдың қаласы ретінде, бизнес қосымша жұмыс орындарын құру үшін, бюджетке салық төлеп, қосымша құн беруі үшін жеке бастаманы қолдауға және ынталандыруға құлықты.
Әкімнің айтуынша, елдегі көтерме сауданың жартысы, бөлшек сауданың 25 пайызы, сыртқы сауда айналымының жартысы, екінші деңгейлі банктердегі несие портфельдерінің 60 пайызы Алматыда орналасқан.

452 рет қаралды

Пікір жазу