17Қараша2017

"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

АМАНДЫҚ БАТАЛОВ ТАҒЫ ҚАНДАЙ ИГІ ІС ЖАСАДЫ? ...

Сәрсенбі, 27 Қаңтар 2016 14:08

 

Алматы облысының әкімі Амандық Баталов Талдықорған қаласында облыстық ІІД-нің аудандық және қалалық бөлімшелерінің автопаркіне 12 автокөліктің кілтін табыс етті. Салтанатты жиынға ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Рашит Жақыпов, облыстық ІІД басшысы Мұрат Ұрұмханов, полиция қызметінің ардагерлері, облыстық ІІД полиция қызметкерлері қатысты. Тәртіп сақшыларын құттықтаған өңір басшысы А. Баталов өз сөзінде:
- Бүгін біз аудандық, қалалық полиция бөлімшелеріне 12 жаңа автокөліктің кілтін табыстағалы тұрмыз. Полиция қызметкерлерінің алдағы уақытта да жұмыстарын тиімді жүргізіп, Елбасы мен халық сенімін ақтау жолында еселі еңбек ететіндігіне сенім білдіремін, - деді.

 

 

 

Сондай-ақ, өңірдің полиция қызметкерлерін ҚР Ішкі істер вице-министрі Р. Жақыпов та құттықтап, тәртіп сақшыларының еліміздің тыныштығы мен құқық бұзушылықтың алдын алу жолында еңбектерінің жемісті болуына тілектестік білдірді. Жалпы, облыстық ішкі істер департаментінің көлік қажеттілігін қамтамасыз етуге жергілікті бюджеттен 199 млн. 594 мың теңге қаражат бөлінген. 2016 жылдың 1 қаңтарындағы дерек бойынша ІІД балансында 1004 бірлік автокөлік тіркелген. Бұл департаменттің көлікке деген қажеттілігін 93,5 % қамтамасыз етіліп отырғанын айғақтайды.

451 рет қаралды

Пікір жазу