"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

ИРАНДЫҚ ИНВЕСТОРЛАР ОҚО-ДА ЕТ КОМБИНАТЫН САЛМАҚ

Дүйсенбі, 01 Ақпан 2016 16:31

 

Бүгін ОҚО әкімдігінде өңір басшысы Бейбіт Атамқұлов  Иран Ислам Республикасынан келген инвесторлармен кездесті. Кездесуде тараптар Бәйдібек ауданында жылдық қуаттылығы 5 мың тоннаны құрайтын ірі қараға арналған мал сою цехының құрылысын салу мәселесін талқылады, деп хабарлайды ОҚО әкімінің баспасөз қызметі. Ет комбинаты болашақта етті мұздатып, ауасыз қалташада шығаратын болады. Жалпы құны 6 300 000 мың теңгені құрайтын жобаны әзірлеу мен жүзеге асыру жұмыстары 2016 жылдың қаңтар-қыркүйек айына жоспарланған. Айта кетейік, құны 573 866 мың болатын құрылғыларды инвесторлар отандық компаниядан сатып алмақ. Нысанның құрылысы біткен соң мұнда 196 жұмыс орны ашылады деп күтілуде. Шығарылған өнімдер Қазақстанның ішкі нарығында саудаланып, Иран мен Біріккен Араб Әмірлігіне экспортталатын болады. Сонымен қатар, тараптар, жиын барысында ауыл шаруашылығы саласында өзара ынтымақтастыққа уағдаласты.

421 рет қаралды

Пікір жазу