"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

МАҢҒЫСТАУДА «НҰРЛЫ ЖОЛ» БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ НӘТИЖЕСІ ЖОҒАРЫ

Сейсенбі, 02 Ақпан 2016 06:43

 

 

Өңірдегі экономикалық даму қарқынын сақтаудың арқасында Маңғыстау облысында «Нұрлы жол» бағдарламасының 14 инфрақұрылымдық және индустриялық жобасы жүзеге асуда. Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Маңғыстау облысының әкімі Алик Айдарбаев осылай мәлім етті.
Облыс басшысының сөзіне қарағанда, «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында жүзеге асып жатқан 14 жоба 159 млрд. теңгені құрайды. Онда шамамен 4 мыңға тарта жаңа жұмыс орындары құрылатыны күтіледі.  Сонымен қатар, облыс әкімі индустриялық-инновациялық дамудың екінші бесжылдығына да зор үміт артылатынын атап өтті.
«2015 жылы Индустрияландыру картасы аясында жалпы сомасы 50,5 млрд теңгені құрайды 11 индустриялық және инфрақұрылымдық нысан қолданысқа енді. Осының арқасында 655 жаңа жұмыс орындары құрылды. Табысты атқарылған жобалар ретінде «Азерсун» азық-түліктік логистикалық орталықты, «Софи Медгрупп» көпбейінді клиниканы, Ақтау теңізінің солтүстік терминалын айтуға болады», - деді өңір басшысы.
Жағымсыз экономикалық конъюнктураларға қарамастан Маңғыстау облысында макроэкономикалық және әлеуметтік көрсеткіштер өсімге ие болып отыр.  Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте Маңғыстау облысының әкімі Алик Айдарбаев осылай мәлім етті. Сонымен қатар, «Былтырғы жылы өңірімізде өндірілген өнеркәсіп өнімдерінің көлемі 1,6 трлн.теңгені құрады. Бұл оның алдындағы жылмен салыстырғанда 4 пайызға төмен көрсеткіш», - дейді облыс басшысы. Оның айтуынша, қазіргі таңда, мұнай-газ өндіруші және мұнайсервистік кәсіпорындар еңбек өнімділігі мен өндіріс тиімділігін арттыруға бағыт алған. «Негізгі капиталға салатын инвестиция көлемі 454 млрд. теңгені құрады. Кәсіпорындар штаттық тәртіпке сәйкес жұмыс жасайды. Өткен жылы өндіріс үдерісі тұрақтылығын сақтау мәселелері бойынша ынтымақтастық туралы жасалған 620 Меморандумның нәтижесінде, экономиканың әр түрлі секторында жұмыс жасайтын 105 мың қызметшінің мүдделері қорғалды. 2016 жылдың алғашқы айының өзінде өңірдегі ірі мұнайгазөндіруші кәсіпорындармен үшжақты 16 Меморандум жасалды. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасын табады, - деді облыс әкімі Алик Айдарбаев. Сондай-ақ, 2015 жылы Маңғыстау облысында 18,5 млн. тонна мұнай мен газ өндірілді. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте Маңғыстау облысының әкімі Алик Айдарбаев осылай мәлім етті. Өңір басшысының сөзіне қарағанда, облыс тұтастай алғанда Елбасы белгілеген тапсырмалар мен бағдарламалар аясында дамып келеді. «Қабылданған шаралар сапалы экономикалық өсуді, индустриялды-инновациалдық даму бағдарламасын одан әрі жүзеге асыруды, халықтың тұрмыс жағдайын және өмір сүру деңгейін жақсартуды қамтамасыз етуге бағытталды. Мұны былтырғы жылдың макроэкономикалық көрсеткішкерінің оң динамикасы айғақтап отыр», - дейді әкім.  Оның айтуынша, баға мен сұраныстың төмендеуі мұнай саласына да біршама әсер еткен. Мәселен, облыстағы мұнай компаниялары техникалық және сервистік қызметтер шығынын оңтайландыруға кірісіп отыр. Сонымен қатар, баға мен конъюнктуралық қысымға байланысты кәсіпорындар инвестициялық бағдарламаларын кейінге қалдырып, өндіріс пен еңбек өнімділігін арттыруға күш салуда. Екінші жағынан, кәсіпорындар штаттық режимде жұмыс істеп жатыр. Өткен жылы негізгі капиталға салынған инвестиция 454 млрд теңгені құраған. «Жалпы алғанда, Маңғыстау облысында 2015 жылы мұнай мен газ өндірісінің жоспары орындалып, 18,5 млн тонна өнім өндірілген. 2015 жылы «Шағырлы-Шөмішті» жаңа газ кен орнының ашылуы табиғи газ өндірісін 1 млрд шаршы метрге ұлғайтуға мүмкіндік берді. Осылайша, өңірде газ өндірісінің жалпы көлемі 2,5 млрд текше метрге жетіп отыр», - деді А. Айдарбеков.

604 рет қаралды

Пікір жазу