27Қыркүйек2017

"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ ЕСКЕРТУ ЖАСАДЫ!

Сәрсенбі, 03 Ақпан 2016 08:09

 

 

Өңір басшысы К. Көкірекбаевтың төрағалық етуімен Жамбыл облысы әкімдігінде өткен мәжілісте осы жылыту маусымындағы коммуналдық сала нысандарындағы орын алған төтенше жағдайлар туралы айтылды, бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлады. Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық басқарманың ақпаратына сәйкес, тұтастай жылу маусымы штаттық режімде өтуде. Әрі өңірде қысқы 2015-2016 кезеңнің температурасы орташа жылдық көрсеткіштен жоғары. 2015 жылы жылыту маусымына дайындық кезінде ТКШ түрлі нысандары жүйесін жөндеу мен жаңартуға облыс бюджетінен 11,5 млрд теңге бөлінді. Алайда оң серпінді екі төтенше жағдай бұзды. 2016 жылғы қаңтарда Талас ауданы Ақкөл ауылында және Жамбыл облысы Қаратау ауылында мектептерде қазандық жарылды. Абырой болғанда, екі жағдайда да оқиға түнде орын алып, құрбандар болмады. Облыстық энергетика ТКШ басқармасының басшысы Ерік Көшербаевтың айтуынша, аталмыш фактілер бойынша облыс аудандарында қазандықтардың жай-күйіне тексеру жүргізілді. Нәтижесінде анықталғаны ауыл әкімдері жылыту маусымына әзірлігі жайлы баянат беріп, қазандық дайындығына тиісті назар аудармаған. «Техникалық талаптар сақталмаған, технологиялық үдеріске тиісті бақылау болмаған. Қазандық операторларының кәсіби дағдысы сәйкес келмейді. Жарылыс жұмыс орнында оператор жоқ кезде орын алған. Операторды мектеп директоры да, әкім де қадағаламаған», - деді ол. Жамбыл және Талас аудандарына қысқы маусымға дайындалу үшін облыс бюджетінен көп қаражат бөлінгені атап өтілді. Сонымен Жамбыл ауданы халқы үшін 11,6 мың тонна көмір, мемлекеттік мекемелер үшін 2,7 мың тонна көмір әзірленді. 56 мектептің 5-еуі орталықтан жылыту жүйесіне қосылған. 26 мектеп көмірмен, 24-і газбен жылытылады. Шайқұйрық, Айша бибі ауылдарының клубтарында, аудандық мәдениет үйінің жылу жүйесі жөнделді. Жұмыс құны - 16 млн теңге. 40 елдімекеннің 25-іне газ жүйесі тартылды. Сондай-ақ тексеру барысында жекелеген аудандық білім беру мекемелерінде температуралық режім сақталмауда. «Мұның барлығы - сіздердің тараптарыңыздан жөнді бақылаудың болмауынан», - деді сөзін аудан әкімдеріне бағыттаған Көкірекбаев,  - Отпен ойнап жүрсіздер. Неге мектепке бармайсыздар? Кезектен тыс тексеру неге жүргізбейсіздер? Шұғыл түрде барлық орын алған кемшіліктерді талқылап, кінәлілерді жазалаңдар». Сонымен, Жамбыл облысының әкімі қатаң ескерту жасады, енді оның оң нәтижесін күтпек...

490 рет қаралды

Пікір жазу