"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ АЛМА БАҚТАРЫ ҮШІН ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТЫЛАТЫНЫН АЙТТЫ...

Сенбі, 06 Ақпан 2016 16:52

 

Алматы облысы Панфилов ауданындағы «Жаркент фрукт» ЖШС-ның тамшылатып суару әдісі қолданылатын интенсивті бағында 535 гектар жерге алма көшеттері отырғызылып, ол келесі жылы өнім бере бастамақ. Бұл туралы Алматы облысының әкімі Амандық Баталовтың 5 ақпан күні Панфилов ауданына жасаған жұмыс сапарында белгілі болды, деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі. Облыс әкімі бақ өсіру ісін дамытуға айтарлықтай үлес қосып отырған «Жаркент фрукт» ЖШС-ның бағында болып, жұмысымен танысты. Аралау барысында облыс басшысы бастаған делегация алманың жас көшеттерін отырғызды. Бақты өсіру үшін жалпы көлемі 1117 га жер бөлінген. Мұнда алмадан бөлек, 370 гектарға - шие, 61 гектарға шабдалы, 32 гектар жерге өрік егілді. Мамандардың айтуынша, жоба іске қосылғанда 500 адамға тұрақты жұмыс орны ашылып, 1000 адамға маусымдық жұмыс беріледі. Бүгінгі күнге ауыл шаруашылығына арналған әртүрлі 50 техника сатып алынған. Алдағы жылдарда қосымша инвестиция тартылып, 20 мың тонналық жеміс-жидек сақтайтын қойма құрылысын салу көзделіп отыр. - Мемлекет басшысының алдымызға қойған міндеттерінің бірі - алма бақтарын қалпына келтіру және дамыту ісі болатын. Осы тапсырмаға орай атқарылып жатқан шаралардың біріне куә болдық. Инвестиция тарту арқылы жаңа технологиямен жұмыс істейтін осындай заманауи бақтарды дамытуға біз мемлекет тарапынан тиісінше қажетті қолдаулар көрсететін боламыз, - деді А. Баталов. Сапар барысында делегация «Байсерке Агро» ЖШС-ның «Кибанагро» жылыжайына барды. 4 гектар жылыжайда жылына мың тоннадан астам қызанақ өсіруге мүмкіндік жасалған. Сонымен қатар серіктестік құлпынай өсіруге ден қойып, ол үшін арнайы 1 гектарлық жылыжай салған. 60 жұмыс орнын ашқан жылыжай жобасының жалпы құны 1,9 млрд. теңгені құрайды. Облыс әкімі жұмыс сапары барысында Панфилов ауданының әкімі Б. Абдулдаевтың есеп беру жиынына қатысты.

616 рет қаралды

Пікір жазу