"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

ЖАҢАӨЗЕНДЕ ҚАНДАЙ МЕШІТ САЛЫНБАҚ ?

Дүйсенбі, 08 Ақпан 2016 14:38

 

Жаңаөзенде мешіт құрылысын аяқтау үшін 200 млн. теңге қажет, деп хабарланды Маңғыстау облысы әкімдігінің сайтында. «Мешіт құрылысы 3 жыл бұрын Жаңаөзен тұрғындарының бастамасымен және солардың қаражатымен басталған. Ақша жинау үшін «Ынтымақ» қоры ашылды. Жаңаөзен тұрғындарынан және «Қазмұнайгаз» компаниясынан 79 млн. теңге жиналды. Бұл ақша бірінші қабатты салуға ғана жетті.

 

 

 

Сосын құрылыс жұмыстары екі жылға тоқтатылды. 2015 жылғы қазаннан бастап қорға  тағы 5 млн 600 мың теңге келіп түсті. Бұл қаражатқа мешіт аумағына асхана салып, маңайды көгалдандырады. Бүгін жеке қайырымдылық есебінен екінші қабаттың құрылысы аяқталды, онда неке қию, балаларды оқытуға бөлме, намаз оқитын зал, қызметтік үй-жай орналасады, деді жергілікті кәсіпкер Қошбай Қызанбаев. Ол өткен жылдан бастап мешіт құрылысына басшылық етеді», - делінген хабарламада. Бұл Маңғыстау облысындағы ең үлкен мешіт болады. Егер Ақтаудағы мешітке бір сәтте 1000 адам сыйса, мұнда 1500 адам сыяды.

452 рет қаралды

Пікір жазу