27Қыркүйек2017

"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

ОҢТҮСТІКҚАЗАҚСТАНДЫҚ 31 МЫҢ САЛЫМШЫҒА ӨТЕМАҚЫ ТӨЛЕНЕДІ

Жұма, 12 Ақпан 2016 13:48

 

Бұл туралы ОҚО Аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте  «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-ның ОҚО филиал директоры Маликов Қасымбек мәлім етті. Аталмыш банк өз салымшыларынан өтемақы жөніндегі өтініштерді 8 ақпаннан қабылдай бастады. Бүгінде 1300 өтініш келіп түскен. Бұл жұмыстар осы жылдың 1 маусымына дейін жүргізіледі. «Ұлттық валюта бағамы өзгеріске ұшырағаннан кейін   Мемлекет басшысы Үкіметке ҚТҚБЖ салымшыларының жинағын  сақтау бойынша дербес механизм қарастыруды тапсырған болатын. Осы орайда, Үкімет пен банк салымшыларға өтемақы ретінде 60,9 млрд теңге бөліп отыр. Бұл – халыққа көрсетілген үлкен қолдау. Ал, Оңтүстік Қазақстан облысында банктің 31 мың салымшысы бар», деді Қ.Маликов.  Банк төрағасының айтуынша «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ  467 мыңнан аса шарт  иелеріне, оның ішінде салымында 1 млн. теңгеден жоғары қаржысы бар салымшыларына өтемақы төлейді. Өтемақы төленетін салымдардың жалпы сомасы бүгінгі күні 171,9 млрд. тенгені құрап отыр. Бұл өтемақылар бюджет қаражаты есебінен және банктің меншікті қаражатынан  төленбек. Баспасөз мәслихатына қатысқан ОҚО бойынша «ХҚКО» РМК директорының орынбасары Ж.Меңлібаев салымшылар электронды үкімет порталы (www.egov.kz) және банктің ғаламтордағы көзі (www.hcsbk.kz) арқылы электронды қол қою тәсілімен және жергілікті халыққа қызмет көрсету орталықтарына келіп өтініштерін беруге болатынын жеткізді. Құрметті «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ  салымшылары өтініш беру тәртібі мен басқада мәлімметтерді толығырақ банктің www.hcsbk.kz  сайтынан біле аласыздар.

 

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

430 рет қаралды

Пікір жазу