"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА 268,7 МЫҢ ШАРШЫ МЕТР ТҰРҒЫН ҮЙ БЕРІЛГЕН

Дүйсенбі, 15 Ақпан 2016 10:06

 

Биыл Жамбыл облысында 268,7 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріледі, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі. «Соңғы жылдарда Жамбыл облысында құрылыс қарқын алды. Оның ішінде мемлекеттік бағдарламаға сәйкес тұрғын үй құрылысы басты назарда», делінген хабарламада. Атап айтқанда, облыс бойынша пайдалануға енгізілген тұрғын үйлердің жалпы көлемі 292,4 мың шаршы метрді құрап, соңғы екі жылда 13,3%-ға артты. Жекеменшік секторда 236,1 мың шаршы метр, мемлекеттік секторда 37 мың шаршы метр тұрғын үйлер салынды. «Өңірлерді дамыту - 2020» бағдарламасы шеңберінде 2015 жылы жалпы 259,5 мың шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға тапсыру жоспарланған. Оның ішінде кезекте тұрған азаматтар үшін 12,6 мың м2 құрайтын 3 тұрғын үй пайдалануға тапсырылды және аталған бағыт бойынша 505,0 млн теңге бөлініп, игерілді.
Несие бойынша тұрғын үйге 945,5 млн теңге қарастырылды. Тұрғын үй құрылысына жұмсалған инвестициялар 13,2 млрд теңге, оның ішінде 9,5 млрд теңгесі - жеке құрылысшылар қаражаты, 3,2 млрд теңге - республикалық бюджеттен және 447,2 млн теңге - жергілікті бюджет қаражаттары.

 

 

Сонымен қатар, Жамбыл облысында соңғы 5 жылда 71 денсаулық сақтау нысаны пайдалануға берілді. Соңғы 5 жылда 71 денсаулық сақтау нысаны тұрғызылып, пайдалануға берілді. 2016 жылы Тараз қаласында 300 төсектік көп бейінді қалалық аурухананың және Меркі ауданы мен Қаратау қаласындағы аудандық емханаларның ашылуы жоспарланып отыр. Бұл туралы облыс әкімдігі денсаулық сақтау басқарма басшысы Е.Масалимов Өңірлік коммуникация қызметі баспасөз орталығында  өткен брифинг барысында хабарлады. Брифинг барысында облыстағы мемлекеттік денсаулық сақтау бағдарламалары аясында жоспарланған жұмыстар, 2015 жылы атқарған жұмыстар туралы айтылды. 2015 жылдың қорытындысы бойынша күтілетін өмір ұзақтығы облыс бойынша 71,16 жасты құрады (2014 жылы - 71,16).

397 рет қаралды

Пікір жазу