"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

ШҚО –ДА ЖОЛ КАРТАСЫ БОЙЫНША БҮГІНГІ КӨРСЕТКІШ ҚАНДАЙ? ...

Сейсенбі, 16 Ақпан 2016 11:09

 

2015 жылдың қорытындысы бойынша Шығыс Қазақстан облысында тұрақты жұмыс орнымен 12,1 мың адам қамтылды, яғни «Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020» бағдарламасына жұмылдырылғандардың 99,9 %-ы. Бұны жақсы көрсеткіш десек болады. «Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020» бағдарламасының барысы ШҚО әкімі Даниал Ахметовтың төрағалығымен өткен кеңейтілген аппараттық жиында қаралды. 2015 жылы бағдарламаның іске асырылуы жөнінде облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқарма басшысының міндетін атқарушы Самал Мырзабаева баяндама жасады. Өткен жылы аталмыш бағдарламаға бөлінген 3,6 млрд теңгенің  3,5 млрд теңгесі игерілді, яғни 100%. Бір жылдың ішінде 12 мыңнан астам адам тұрақты жұмыс орнына орналастырылды.

- «Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020» бағдарламасы – облыста нәтижелі және тиімді жүзеге асырылып келе жатқан бағдарламалардың бірі. Шығысқазақстандықтар аталмыш бағдарламаның маңыздылығын дұрыс түсініп, тұрғындардың басым бөлігі бағдарламаның нәтижесінде жаңа өмірлерін бастап келеді. Жасы үлкендер жұмыс орнымен қамтылса, балалар мектептер мен мектепке дейінгі мекемелерге орналастырылды, - деді Самал Мырзабаева.

444 рет қаралды

Пікір жазу