13Желтоқсан2017

"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА «ҚОЛЖЕТІМДІ БАСПАНА– 2020» ҚАРҚЫН АЛДЫ

Бейсенбі, 18 Ақпан 2016 10:18

 

«Қолжетімді баспана - 2020» бағдарламасы бойынша - 64,8 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл туралы халық алдында есепті кездесуі барысында Алматы облысының әкімі Амандық Баталов мәлімдеді. Оның айтуынша, жас отбасылар үшін екі жалдамалы пәтер, кезектегілерге 41 жалдамалы пәтер, 4 кредиттік, 34 коммуналдық үй пайдалануға берілді. Өз баяндамасында өңір басшысы А. Баталов атап өткендей, ағымдағы жылы Ұлттық экономика министрлігімен бірлесіп 20 мың шаршы метр жалдамалы тұрғын үй, 36,7 мың шаршы метр кредиттік, 21,3 мың шаршы метр «Самұрық-Қазынаның» қатысуымен тұрғын үйлер салу мәселесі пысықталуда. 7,8 млрд теңге инженерлік желілер тартуға бөлінеді. Сондай-ақ 9 тұрғын үй кешені  бойынша 2590 үлескерлердің (95,7 пайыз) проблемалары шешілгені атап өтіледі, «Өмірұзақ» ТК мәселелерін (116 үлескер)  бірінші жартыжылдықтың аяғына дейін аяқтау жоспарлануда.

419 рет қаралды

Пікір жазу