"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

ШҚО-ДА БІРЕГЕЙ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАР ӘЗІРЛЕНУДЕ

Жұма, 19 Ақпан 2016 05:23

 

 

Шығыс Қазақстанның ғалымдары мен өндірісшілері облыстық әкімдіктегі отырыста аймақтағы түсті металлургияның төрт «алыбы» жүзеге асыру үшін таңдалған 10-ға жуық инновациялық жобаны талқылады. Отырыс аймақ басшысы Даниал Ахметовтың төрағалығымен өтті. Онда ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстардың (шетелдік консалтингтік компанияларды тартумен бірге) жобалары талқыланып, олардың кейіннен «Қазмырыш», «Өскемен титан-магний комбинаты», «Шығыстүстімет», «Үлбі металлургия зауыты» ЖШС-на енгізу мәселелері ортаға салынды.

Бір ай бұрын ғылым мен өндірістің алдында металлургия кешенінің жеке өнімдерінен одан да терең балқыту өнімдерін шығарудың озық технологияларын іріктеу бойынша қойылған міндет «100 қадам» Ұлт жоспары мақсатымен түйіседі. Атап өткенде, бұл өндіріске инновацияларды енгізу, сол арқылы ғылым мен өндірістің берік одағын құруды білдіретін «Индустрияландыру және экономикалық өсім» реформасының 3-ші қадамы». Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті мен Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті техникалық кафедраларының ғалымдары атқарған жұмыстарын атаса, кәсіпорындардың техникалық басшылары жобалардың әрқайсысы бойынша ағымдағы жұмыс барысы туралы баяндады. Мәселе медицина, мұнай-газ саласы, өндірістің технологиялық қалдықтарын қайта өңдеу және тиімділігі төмен кеннен бағалы металл алу жобалары туралы болды. Аймақта баяу балқитын металл мен олардың балқымаларынан медициналық тағайындалған бұйымдарды, жоғарытехнологиялық жабдықтар үшін бөлшектерді шығару және т.б. ретке келтірілмек. Аймақ басшысының пікірінше, қосымша алу, сондай-ақ «күрделі және тиімділігі төмен кендерден» бағалы металдарды шығару бойынша міндеттер ел металлургиясында нағыз революция жасай алады.

418 рет қаралды

Пікір жазу