"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБА АРТҚАН

Жұма, 19 Ақпан 2016 09:49

 

Таразда Жамбыл облысының әкімі Кәрім Көкірекбаевтың тұрғындармен аймақтың өткен 2015 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары бойынша есептік кездесуі өтті. Жамбыл облысы ішкі және сыртқы нарықтарда бәсекеге қабілетті химия және азық-түлік өнеркәсібін дамытудың дамыған әлеуеті бар өнеркәсіптік-аграрлық аймақ болып табылады. 2015 жылы Жамбыл облысының жергілікті атқарушы органдарының жұмысы Президенттің «Нұрлы жол - Болашаққа бастар жол» Жолдауында және «100 нақты қадам» Ұлт жоспарында бес институционалдық реформаны іске асыру бойынша белгіленген мақсаттар мен міндеттердің іске асырылуына бағытталған. Өткен жылы облыстың өнеркәсіп кәсіпорындары 274,5 млрд. теңгеге өнім шығарды, физикалық көлемінің индексі 91,3 пайызды құраған. Жамбыл облысында инфляцияның деңгейі Қазақстан бойынша қарағанда төмен - 2015 жылдың желтоқсанында бұл көрсеткіш аймақта 112,9 пайызды (елде - 113,6 пайыз) құраған. «Азық-түліктің тұтынушылық бағалары орташа алғанда 9,9 пайызға, басқа тауарларға - 20,7 пайызға, ақылы қызметтерге - 9,1 пайызға өскен. Инфляциялық процестерді тежеу мақсатында облыс орталығы мен аудандарда негізгі азық-түлік тауарлары, азық-түлікке жатпайтын тауарлар және ақылы қызметтердің бағаларын тұрақтандыру штабтары жұмыс істеуде», - деді К.Көкірекбаев. 2015 жылы негізгі капиталға түскен инвестициялар көлемі туралы айта келе, облыс әкімі бұл көрсеткіштің 226,6 млрд. теңгені, немесе 2014 жылға қарағанда 105,9 теңгені құрайтынын атап өтті. «Бюджеттік салымдардың инвестициялардың жалпы көлеміндегі меншікті салмағы 39,9 пайызды, жеке қаражаттар - 40,8 пайызды, банк несиелері мен басқа қарыз қаражаты - 41,6 пайызды құрап отыр. 2015 жылы жалпы сомасы 30,5 млрд. теңгеге 6 инвестициялық жоба іске асырылып, мұнда 425 жаңа жұмыс орны құрылды. 2015 жылдың қорытындылары бойынша Индустрияландыру картасы бойынша пайдалануға берілген инвестициялық жобалардан шығарылған өнімнің көлемі 3,052 млрд. теңгені құрап отыр», - деді К.Көкірекбаев.

373 рет қаралды

Пікір жазу