17Қараша2017

"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

ОҚО-ДА ШҰЛЫҚ БҰЙЫМДАРЫ ЕУРОПАҒА ЭКСПОРТТАЛМАҚ

Жұма, 19 Ақпан 2016 16:46

 

«Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағында Елбасының қатысумен өткен телекөпір барысында жылына  16 млн. дана шұлық өнімін шығаруға мүмкіндігі бар «Алем БТ» фабрикасы іске қосылған болатын.  Jintex Global корейлық компаниясымен бірлесе жүзеге  асырылған бұл жобаны,  аталған компания сүйемелдеп,  дайын тауарды тұтынушыға жеткізуге мүдделі. Екі ай ішінде компания 200 мың жұп шұлық бұйымдарын шығарған. Қазіргі таңға, дайын өнімдерді АҚШ, Ресей, Кореяға жеткізу бойынша келіссөздер жүргізілуде, сонымен қатар, Шығыс Еуропаға экспортқа шығару мәселесі қарастырылуда.  
Фабриканың өнімдері жоғары сапасымен ерекшеленеді және тұтынушылар арасында сұранысқа ие. Бұл жобаны жүзеге асыру нәтижесінде облыстың экономикасына 1,9 млрд. теңге көлемінде инвестициялар тартылған. Кәсіпорын толық жобалық қуаттылғына шыққан сәттен бастап 400 адамды жұмыспен қамтымақ. 
Кәсіпорында Xyoung оңтүстік- кореялық  құрал жабдықтары орнатылған. Капрон бұйымдарын шығаруға жергілікті өндірушілердің сапалы талшығы қолданылуда. Өндіріс барысы бірнеше кезеңнен тұрады. Мәселен, автоматтандырылған дөңгелек тоқымада құбыртектес дайындықтар шығарылып, бұйымдар жазық тігіс машинасында және оверлокпен өңделеді. Әрі қарай, жұқа шұлық термофиксациялау үшін формалық автоматқа жеткізіледы.       
Әшекейлі селдір алу үшін вискоз және капрон талшығынан жасалған матаның бетіне арнайы қалыптың көмегімен қышқыл ерітіндісі қүйылады.  Жоғары температурада қышқыл ерітінді әсерінен вискоз талшығы бұзылып,  бұйымда әшекейлі сүрет түрінде тұнық капрон жіптері қалады.
Соңғы циклда, бұйымдар бояғыш аппаратта боялған соң,  буып түю аппаратына жіткізіледі.

 

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

478 рет қаралды

Пікір жазу