17Қараша2017

"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

ОҚО –ДА 1,6 МЛН. ХАЛЫҚ ТАБИҒИ ГАЗБЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛГЕН

Дүйсенбі, 22 Ақпан 2016 15:23

 

 

Бүгінгі таңда Оңтүстік Қазақстан облысы жұртын таза ауыз сумен және табиғи газбен қамту жұмыстарын түбегейлі шешу жұмыстары жүргізілі жатыр. Алдағы бес жылда, яғни, 2020 жылға дейін Оңтүстік Қазақстан облысындағы қалалық бұқараның 100 пайызы, ауыл тұрғындарының 80 пайызы тіршілік нәрінен қанып ішетін болады. Сондай-ақ, өңірдегі 318 елді мекенге көгілдір отын барып, нәтижесінде табиғи газбен қамтылған жерлестеріміздің саны 2,5 млн.-ға жетеді, деп хабарлады ОҚО әкімінің баспасөз қызметінен. Баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2015 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында 31 ауыз су нысанының құрылысына 6,7 млрд. теңге бөлініп, құбыр суы мүлдем жоқ 150 елді мекеннің жер асты су қорлары бекітілді. Нәтижесінде, жалпы қорытынды бойынша орталықтандырылған сумен қала тұрғындарының 91,7 пайызы, яғни, 1143,9 мың адам, ауылды елді мекендердің 71,1 пайызы (596 елді мекен) қамтамасыз етілген. Соның арқасында Оңтүстік Қазақстан облысы халықты таза ауыз сумен қамту үлесі бойынша республика өңірлерінің арасында төртінші орында. Ал газдандыру мәселесі бойынша 2015 жылы 57 газ нысанының құрылысына 12,7 млрд. теңге қаралып, нәтижесінде, 14 елді мекеннің тұрғындары көгілдір отынға қол жеткізді. Бүгінгі таңға, облыстағы 268 елді мекен немесе 1,6 млн. халық табиғи газбен қамтамасыз етілген.

469 рет қаралды

Пікір жазу