11Желтоқсан2017

"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

АСТАНА ӘКІМДІГІ АЛДАНҒАН ҮЛЕСКЕРЛЕРГЕ КӨМЕКТЕСЕТІН БОЛДЫ

Сәрсенбі, 24 Ақпан 2016 08:03

 

Бүгін Астанада қаласы әкімі Әділбек Жақсыбеков халық алдында есеп беру жиынын өткізді. «Елорда осы уақыт аралығында дотациялық қаладан, донорлық қалаға айналды. Өзіне салынған қаражатты ақтап, ел бюджетіне пайда әкеле бастады. Қаламызда шағын және орта бизнесті дамытуға арналған жүйелі жұмыстар жалғасуда. Қазір Астананы ақылды қалалар қатарына қосу үшін көп жұмыс жасалуда. Мұның барлығы - қаламыздың бүгіні мен келешегіне жасалған инвестиция», - деп бастады баяндамасын қала басшысы.

«Келер жылы ЭКСПО көрмесін өткіземіз. Қазіргі таңда бұл шараны жоғары  деңгейде өткізу үшін жан-жақты жұмыс жүргізілуде. Елордамызда замануи технологиялардың білім мен ғылым орталығы бой көтереді. Туризміміз өркендеп, ел пайдасына үлес қосады. Бүгінде астанада әлемнің экономикалық және саяси алпауыттары жиналып, маңызды шешімдерді қабылдауда. Өткен жылы да атқарылған жұмыстар аз емес. Әрбір жетістік бізге жаңаша күш пен қосымша жігер береді. Алдымызда Елбасы қойған биік жоспарлар мен халық үміт артқан маңызды жобалар бар. Келешекте Астананы көркейтуге арналған жұмыстарды абыроймен орындаймыз деп сенемін», - деді әкім.  - Ә. Жақсыбеков: «Астана өзіне салынған қаражатты ақтап, ел бюджетіне пайда әкеле бастады» деді.  Биыл барынша көп халықты қамту үшін тұрғындармен есептік кездесудің форматы өзгертілді. Халықпен есеп беру кездесуінің негізгі бөлігінен кейін Астана әкімі Әділбек Жақсыбеков адамдарды жеке өзі қабылдауды бастайды. Азаматтар елорда әкіміне немесе оның орынбасарларына өз сұрақтарын Конгресс-Холл ғимаратында қоя алады. Қабылдау кезекпен жүргізіледі. Бұған қоса, холлда қала тұрғындары өз сұрақтарына қалалық басқармалар мен жекелеген департаменттердің басшыларынан жауап ала алады.

 

 


Елорда басшысының айтуынша, Астанада жұмыссыздық жоқ десе де болады.  «Миграцияның көптігіне қарамастан, елорадада жұмыссыздық көрсеткіші ел бойынша ең төмен болып саналады» деп мәлім етті ол қала халқы алдында. Себебі 1 миллионға жуықтайтын қалада 3 мың адам ғана жұмыссыздар қатарында. Олар қайта оқытылуда және басқа қоғамдық жұмыстарға жіберіліп жатыр. Жұмыс іздеген адамға жұмыс табылады», - деді әкім. Әкімнің сөзіне қарағанда, қалада жұмыссыз отыру, өмір сүруге қажетті қаражатсыз қалу деген мәселе жоқ.


Ол: «Астанада халық алдындағы мемлекеттік әлеуметтік міндеттемелері атқарылып отыр. 2015 жылы 100 мыңнан астам азамат әлеуметтік қолдаудың түрлі шараларымен қамтылды. Оған 4,3 млрд. теңге бөлінген болатын», - деп атап өтті.  «ПИК жұмысына шағымдар жиі естіліп жатады. Залда отырған адамдардың әрқайсысы кем дегенді бір рет өз үйінің басқарушы компаниясына көңілі толмады деп ойлаймын. Алайда тұрғындар ПИК жұмысы бірінші кезекте өздеріне байланысты екенін түсінуі тиіс. Әр адам өз үйі мен ауласының ахуалына мүдделі болуы керек. Осы орайда белсенді болып, талап етіп, жалпы жиындарға қатысу маңызды»,-деді әкім.Оның сөзіне қарағанда, тұрғындардың негізгі бөлігі жиналыстарға қатыспайды. Бұндай жиындарға тек уақыты болғандар немесе ПИК төрағасын қолдайтындар барады. Атап айтқанда, бүгінде Астанада 2356 көп пәтерлі тұрғын үй орналасқан, оларға 379 ұйым қызмет көрсетеді. Әкімдік тарапынан тұрғын үй инспекциясының жұмысы күшейтіледі, бұл елорданың тұрғын үй қорын күтіп ұстауды жақсарту бойынша бірлескен жұмыстарды жолға қоюға мүмкіндік береді.


Астана қаласына қатысты бір тың жаңалық:
Астана әкімдігі түрлі сала жұмыскерлеріне қызметтік пәтерлер салу бойынша бағдарлама әзірлеп жатыр.  Әділбек Жақсыбеков бұл туралы да бүгін мәлім етті. «Елордадағы құрылыс қарқыны өте жоғары. Жыл сайын 1 миллион шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріледі. Былтыр рекордтық 1 млн. 759 мың шаршы метр тұрғын үй салынған. Астананың алғашқы жылдарында бізде 150 мың шаршы метр үй салынып отырса, 1 миллион шаршы метр үй салу көрсеткішіне 2003 жылы қол жеткізген болатынбыз. Қалада «Қолжетімді баспана - 2020» бағдарламасы сәтті іске асырылып жатыр. Жеңілдікпен берілетін үйлер Қазақстанның ипотекалық компаниясы, «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі», «Самұрық-Қазына» баспана қоры, «Нұрлы жол» бағдарламасы арқылы беріледі. Сонымен қатар, бізде ескі үйлерді бұзу бағдарламасы да бар. Баспана құрылысының 2008-2010 жылдарға арналған бағдарламасына келетін болсақ, биыл біз қалып қойған екі тұрғын үйді пайдалануға беретін боламыз», - деп атап өтті Ә.Жақсыбеков. Дегенмен, оның сөзі бойынша, өкінішке орай, аталған бағдараламалар азаматтардың барлық санаттарын қамти алмай отыр. 

 

 

«Коммуналдық кәсіпорындардың, көлік және энергетикалық салалардың жұмыскерлеріне, қаланың өзге де ұйымдарында істейтін азаматтарға, электриктерге, жүргізушілерге, құрылысшыларға, полицейлерге баспана алу қиын. Сол себепті біз қала деңгейінде жаңа бағдарлама жасап шығарамыз. Үйлер салып, ол кісілерге баспананы қызметтік пәтерлер ретінде беретін боламыз», - деп атап өтті әкім.
Олқылықтар да жоқ емес. Шаһар басшысының айтуынша, «Астанада тұрғын үйлерді заңсыз сатудың 37 әрекеті анықталды. Қалада заңды айналып, халықты алдаған құрылыс компаниялары туралы жеке тоқталғым келеді. Бұл залда осы сауалмен келген азаматтар аз емес шығар. Былтыр құрылыс бойынша 909 заң бұзушылық тіркелді. Тұрғын үйді заңсыз сатудың 37 әрекеті анықталды. Оспадарсыз құрылыс компаниялардың аттарын барлығы біледі. Бұл - «Азбука жилья», «Барақат», «Төленді» және өзге де компаниялар. Барлық тізім әкімдік сайтында бар. Барлығына заңды шаралар қабылданады. Үкіметке үлескерлік құрылыс саласын қадағалау шараларын күшейту бойынша нақты ұсыныстар енгізілді», - деп атап өтті Астана әкімі.
Ә.Жақсыбековтың айтуынша, алданып қалған үлескерлерге қала билігі көмектесетін болады. «Қалада нысандардың құрылысы аяқталмауы, азаматтарымыздың соңғы ақшасынан айырылып, баспанасыз қалуы бізді алаңдатады. Бірақ олардың барлығы үлескерлік құрылыста қауіп-қатерлер барын білді. Мердігерді таңдаған өздері. Біз оларға көп мәрте ескерттік, бірақ халықтың дені жалған уәде мен жарнама соңынан еріп, арзан бағаға елітіп, нақты факторларды ескерместен ақша салды. Кейін алданып қалғанын білгенде, оны заң арқылы шешудің орнына, тікелей әкімдікке жүгіріп келеді. Бірақ оларды құрылыс компанияларымен келісімшарт жасауға ешкім итермелеген емес. Осының барлығы өздерінің келісімен жасалды. Алайда біз бұл мәселеге келгенде сырт айналмайық деп шештік. Адамдарға көмектесуге тырысамыз. Әрбір түйткіл бойынша нақты шешімдер жасалып отыр», - деді Ә.Жақсыбеков.
Ұзын-сонар кезектен арылу үшін, үкіметтік балабақшалардың ақысын жекеменшік балабақшалармен теңестіру қажет. Бұл туралы бүгін халық алдында есеп беру жиынында Астана қаласының әкімі Әділбек Жақсыбеков мәлім етті.

Оның сөзі бойынша, қала әкімдігі балабақша кезектерден арылу бойынша жұмыстарды атқаруда.

«Жақын күндері балабақшаға 8 мың орын үлестірілетін болады. Мұндай көп көлмдегі орындардың үлестірілуі қалада алғаш рет болғалы тұр. Биыл біз 3-6 жастағы балаларды мектепке дейінгі біліммен қамтуды 95 пайызға жеткізуді жоспарлап отырмыз. Бірақ бұл мәселені бір мезетте шешу мүмкін емес екендігін түсіну керек. Жыл сайын балабақшалар пайдалануға беріліп келеді. Қалада бала туу мен миграция көрсеткіші де артуда. Күніне жарық дүниенің есігін 60 бала ашады, күн сайын 90-100 бала балабақшаға кезекке тұрады. Бұл - жылына 30-35 мың бала деген сөз», - деп атап өтті әкім.

«Сондықтан, бұл мәселені кешенді шешу керек. Біріншіден, үкіметтік балабақшалардың ақысын жеке-меншік балабақшалармен теңестіру керек, себебі балабақшаларды күтуге бюджеттен қыруар қаражат бөлінеді, ал әр балаға тағайындалған төлемдер балалардың тамақтануына қажетті қаражатты да ақтай алмайды. Бұл өз кезегінде мектепке дейінгі мекемелерді салуға жеке инвесторларды тартуға жол ашады. Әкімдік осы мақсаттарға жер учаскелері мен дайын жобалар ұсынуға даяр. Бұл саланы ашық бәсекелестік ортаға берсек, балабақшалардағы кезек те, орын тапшылығы да өздігімен жойылады», - дейді Ә.Жақсыбеков.


Биыл Астанада есептік кездесуде барынша көп халықты қамту үшін тұрғындармен есептік кездесудің форматы өзгертілді. Бұл туралы елорда әкімдігінен хабарланды.

Бүгін халықпен есеп беру кездесуінің негізгі бөлігінен кейін Астана әкімі Әділбек Жақсыбеков адамдарды жеке өзі қабылдауды бастайды. Азаматтар елорда әкіміне немесе оның орынбасарларына өз сұрақтарын Конгресс-Холл ғимаратында қоя алады. Қабылдау кезекпен жүргізіледі. Бұған қоса, холлда қала тұрғындары өз сұрақтарына қалалық басқармалар мен жекелеген департаменттердің басшыларынан жауап ала алады.

Биыл барынша көп халықты қамту үшін тұрғындармен есептік кездесудің форматы өзгертілді. Қала әкімі елорда әкімдігінің қызметінде халықпен байланыс орнатып, өзара ықпалдаса жұмыс істеу басымдықты міндет болып табылатынын айтқан болатын.

Осы бағытта қала әкімшілігі тарапынан бірталай жұмыс атқарылды. Белгілі болғандай, өткен жылы түрлі арналар бойынша қала тұрғындарынан әкімдікке 20 мыңнан аса хат пен өтініш түсті. Соның ішінде жартысынан астамы қала әкімдігінің ресми сайтындағы «Виртуалды қабылдау бөлмесі» және «Халықтық бақылау» айдарлары арқылы жолданған.

Былтырдың соңында 109 бірыңғай номерімен Интеллектуалды байланыс орталығы іске қосылды, ол арқылы барлық қалалық қызметтермен байланыс орнатуға мүмкіндік жасалған. Сонымен бірге, «Смарт Астана» мобильді қосымшасы енгізілді, оның мазмұнына мектеп сабағының өтпейтіні туралы сол мезетте хабарлама алу, айыппұлдарды тексеру, қоғамдық көліктің қозғалысын бақылау, әуе рейстерінің, пойыздардың кестесі және т.б. ақпарат алу функциялары кірді. Елорданың барлық тұрғындары мен қонақтары үшін ыңғайлы әрі пайдалы болуы үшін қосымшаның функционалдылығы тұрақты негізде кеңейтіліп отырады. Бірнеше аптаның ішінде бұл қосымшаны 50 мыңға жуық тұрғын жеке телефондарына жүктеп алған және олардың саны тұрақты түрде артып келеді.

«Жыл басынан бері елорда аудандарының әкімдері жалпы саны - 4 мың адаммен 15 кездесу ұйымдастырған. 10 ақпанда «Ашық есік күні» өткізіліп, оған бір жарым мыңнан астам адам қатысты. Бұл күні қалалық қызметтердің өкілдері 600-ден артық тұрғынның ауызша сұрақтарына жауап берді, ал жазбаша өтініш бергендердің барлығы осы күнге дейін өз сұрақтарына жауап ала алды. Халықпен ықпалдаса жұмыс істеудің пәрменді әдістерінің бірі ретінде осындай шаралар елордада жүйелі түрде өткізіліп тұрмақ»,-делінген әкімдік мәліметінде.

500 рет қаралды

Пікір жазу