14Желтоқсан2017

"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНДА ДАҒДАРЫСҚА ҚАРСЫ ҚАРЖЫ БӨЛІНЕДІ

Бейсенбі, 25 Ақпан 2016 05:42

 

 

2015 жылы Маңғыстау облысында тұрғын үй  және инженерлік инфрақұрылым құрылысы жалғасады. Бұл туралы өңір басшысы Алик Айдарбаев халықпен есепті кездесуінде айтты. Үкімет төрт негізгі бағыттардан тұратын 2016 жылға арналған дағдарысқа қаржы қосымша жедел шараларды жасады.  Онда бірінші міндетті жүзеге асыруға 16 млрд. теңгеге жуық қаржы қарастырылған. «2017 жылға арналған «Нұрлы жол» бағдарламасын жүзеге асыруға бұрын жоспарланған қаражаттарды ауыстыру есебінен биылғы жылы республикада 360 млрд. теңге бөлінеді. Біздің облыс бойынша жалдамалы және несиелік тұрғын үйлер құрылысына, инженерлік желілерге 16 млрд. теңгеге жуық қаржы бөлінбек, соның ішінде 3 млрд. теңге құрылыс алаңдарына инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым тартуға бөлінеді. Аудандар мен қала әкімдеріне жоспарланған нысандарды жеделдете салуды қамтамасыз етуді, бөлінген қаражаттарды тиімді және дер кезінде игеруді, сонымен қатар тұрғын үй салуға жеке құрылыс салушыларды да тартуды тапсырамын», - деп Алик Айдарбаевтың сөзін келтіреді өңір әкімінің баспасөз қызметі.
Екіншіден, «Нұрлы жол» бағдарламасының инфрақұрылымдық жобаларын жүзеге асыруды жеделдетуге ресурстар бөлінеді. Бұл - «Шетпе-Жетібай-Ақтау» автожолының, Құрық портында паром кешенінің құрылысын жалғастыру. 2016 жылы «Жетібай-Жаңаөзен» автомобиль жолының құрылысы бойынша жобаларды жүзеге асыруды бастау жоспарланған. Сондай-ақ Ұлттық қордың несиелік қаражаттары есебінен Бейнеу ауданында үш ауысымды оқытуды жою  үшін 900 орындық орта мектеп салу аяқталады.
- 3 млрд. теңге «Каспий» су тұшыту зауытын жаңартуды жалғастыруға, Мұнайлы ауданында 10 қазандық құрылысына бөлінеді. Бұл жобалар жедел дамып келе жатқан жаңа ауданды жылумен жабдықтауды үздіксіз қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, - деді Алик Айдарбаев.
Үшінші бағыт ауқымында - шағын және орта бизнесті және экономиканың базалық салаларын қолдауға Маңғыстау облысы әкімдігі мен Аймақтық кәсіпкерлер палатасы бірлесе отырып, биылғы жылы «Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы» ЖШС шағын қаржыландыру ұйымын құрады. Айтпақшы, жақын күндері «Даму» қоры арқылы жылдық 7 пайызбен  туризм саласындағы жобаларды жүзеге асыру үшін кәсіпкерлерді жеңілдікпен несиелеу жөніндегі аймақтық бағдарлама бастау алады. Бұл мақсаттарға 900 млн. теңге көзделіп отыр. Халықты жұмыспен қамту және олардың іскерлік белсенділігін арттыру үшін «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» ауқымында қосымша қаражаттар әлеуметтік инфрақұрылымдар мен ТШК нысандарын жөндеуге, шағын несиелеуді ұлғайтуға, жұмыс берушілердің жұмыс орындарын сақтау шығындарын субсидиялауға бағытталатын болады.
-        Бүгінгі таңда біздің бірлескен іс-қимылымыздың ұраны «Жұмыс орындары үшін мемлекеттік қолдау мен инвестициялар» болуы тиіс. Бөлінген қаражаттардың тиімді игерілуі халықтың экоеномикалық белсенділігін арттыруға, жұмыспен қамтуды қолдауға және экономика өсімін қамтамасыз етуге тиіс, - деді Маңғыстау облысының әкімі Алик Айдарбаев.

Бұл мақсаттарға Маңғыстау облысында 2 млрд. теңгеге жуық қаржы бөлінгелі отыр.

492 рет қаралды

Пікір жазу