"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

БЕРДІБЕК САПАРБАЕВТЫ ХАЛЫҚ ЕСЕПТЕН КЕЙІН ТАНИ ТҮСТІ...

Бейсенбі, 25 Ақпан 2016 14:56

 

Бүгін Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың есепті кездесуіне дейін екі сағат бұрын барлық жергілікті мемлекеттік, қадағалау, құқық қорғау органдары өздері басқаратын ведомстволар қызметіне қатысты азаматтардың өтініштері мен шағымдарын жеке қабылдай бастады. Қабылдау уақытында шенеуніктер 170-ке жуық адамды тыңдады, 45 азаматтың өтініштері мен шағымдары Ақтөбе қаласының әкімдігіне бағытталды. Өтініштер саны бойынша екінші орында коммуналды тұрғын үй шаруашылығы басқармасы - 25. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына 24 өтініш түсті. Денсаулық сақтау, білім беру, жер қатынастары басқармалары, ішкі істер департаменті 13-тен 18 адамға дейін қабылдау ұйымдастырды. Бұл практика өңір басшысының есептерінде алғаш рет қолданылды. Және өтініштер саны бойынша өзін ақтады. Бұл есеп беру кездесуінде халық саны  көп болғанын атап өткен жөн: Бердібек Сапарбаевтың тұрғындармен кездесуі «Қоныс» спорт сарайында өтті, оған кемінде үш мың адам қатысты.

 

 

Қоғамдастық өкілдерінен басқа, соғыс және еңбек ардагерлері, кәсіподақ ұйымдары, қоғамдық, діни, этномәдени бірлестіктер басшылары, ірі шаруашылық етуші субъектілер, қаржы институттары, БАҚ өкілдері болды. Онлайн режімінде есепті облыстың 12 ауданының тұрғындары бақылады. Кездесуге Ақтөбеге келген Парламент Сенаты депутаты Елеусін Сағындықов, ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы Шалқар Байбеков, «Бәйтерек» холдингі басқармасының төрағасы Қуандық Бішімбаев, ҚР Парламенті Мәжілісіне депутатыққа үміткерлер қатысты. Облыс әкімі есептен кейін залда отырған халықтан, сондай-ақ аудандардан видеоконференция бойынша  түскен сұрақтарға жауап берді.  Барлығы 139 сұрақ. Оның ішінде хат қабылдау жәшігінде 25, әкім блогына - 100, сайтқа - 14 сұрақ түсті.

Шараны аяқтай келе, өңір басшысы есеп кездесуі кезінде түскен барлық сұрақтар қаралып, жауап қайтарылатынын атап өтті. Ұзақмерзімді шешуді талап ететін өтініштер бойынша шаралар жоспары ұйымдастырылып, оның орындалуына қатаң бақылау белгіленді.

414 рет қаралды

Пікір жазу