27Қыркүйек2017

"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА БІРНЕШЕ КОМПАНИЯ МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУҒА ИЕ БОЛМАҚ

Жұма, 26 Ақпан 2016 07:41

 

Алматы облысының аймақтық үйлестіру кеңесі «Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасын жүзеге асыру барысында 405 млн. теңгеге кәсіпкерлердің он өтінімін қарады. Мемлекеттік қолдауға «Finndisp» ЖШС, «Ремстроиплюс НС» ЖШС, «Instal LTD» ЖШС, «Алматинские краски» ЖШС және алты жеке кәсіпкер ие болды. Несие ақшаларына жабдықтар сатып алынады, айналым қаражаттары толықтырылады, құрылыс нысандары аяқталады. Барлық жобалар бойынша несиелер бойынша пайыздық мөлшерлемелер жылдық 7 пайыздан 10 пайызға дейін төмендеуі болжануда, олардың кейбіріне «Даму» қорының кепілдігі ұсынылған. Атап айтқанда, «Finndisp» ЖШС Қарасай ауданының Көксай кентінде лак, бояу және бақса да бояу құралдарын шығарумен қатар айналым қаражаттарын толықтырмақ. Бұған «Даму» қорының кепілдігі арқасында қол жеткізілді. «Тұтқыш» жеке кәсіпкері Жамбыл ауданының Аққайнар кентінде мал шаруашылығымен айналысатын болады. Бұл жобаға мақұлдау Kassa Nova банкінің «Даму Микро» бірегей бағдарламасы бойынша берілді. Жыл басынан бері Алматы облысында «Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау және дамыту  бірыңғай бағдарламасы аясында аймақтық үйлестіру кеңесі 567 млн. теңгеден асатын 19 жобаны мақұлдады.

392 рет қаралды

Пікір жазу