"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

ШҚО-НЫҢ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ӨНДІРІСІ ТҮБЕГЕЙЛІ ӨЗГЕРТІЛМЕК

Сенбі, 27 Ақпан 2016 08:34

 

 

АӨК-те сүтті мал шаруашылығын дамыту таяудағы жылдарда өндірісті ұлғайту мен өңдеуде негізгі бағыт болады, деп атап көрсетті өңір басшысы Даниал Ахметов халықпен есепті кездесуінде таңдалған басымдықтың мәнін аша отырып. Әкім оны ауыл шаруашылығы саласындағы неғұрлым маңызды жобалардың бірі деп атады. Бүгінде 200 бас іріқараға арналған 2 жаңа тауарлы-сүт фермасының құрылысы аяқталды, 3,5 мың басқа арналған  жұмыс істеп тұрған 11 тауарлы-сүт фермалары жаңғыртылды, халықтан сүт сатып алу үшін 24 сүт қабылдау пункттері ашылды. «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бойынша халықты шағын несиелеу арқылы 5 мың бас сүтті мал, 5  сүт таситын машина, модульдық қабылдау пункттері үшін 8  жабдықтар жинақтары сатып алынды. Сүт қабылдайтын модульдерді құрастыру Өскеменде жолға қойылған. Биылғы жылы жалпы көлемі 7 млрд. теңгеге 7 тауарлы сүт фермалары іске қосылады және 17-сі жаңғыртылады.
«Бұл жай ғана жаңғырту емес, заманауи технология мен жаңа жабдықтарға көше отырып, өндірісті түбегейлі жаңарту», деп атап өтті әкім. «Біз Еуразиялық экономикалық одақ жұмысына өз өнімдерімізбен кіруге тиіспіз», - деді облыс басшысы тақырыпты түйіндей келіп.
Д.Ахметов өңір басшылығына тағайындалған бойда алдымен заманауи тауарлы-сүт фермаларын құру жұмыстарын қолға алды. Ол кезде жаңартылып, қуаттарын арттырған аймақтық сүт өңдеу зауыттарын өз шикізатымен қамтамасыз ету өткір проблема болып тұрған еді, ал тұрғындар сүт өнімдерін жергілікті базарларға тапсыратын. 2015 жыл бойы осы проблеманы шешумен түбегейлі айналысуға баса көңіл бөлінді және өңірде 37 тауарлы-сүт фермаларын құру және жаңғырту, 33 сүт қабылдайтын пункттер ашу міндеті алға қойылып, халықтың қосалқы шаруашылықтары да бұл іске белсенді тартылды.

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов халықпен есепті кездесуінде Үржар, Аягөз және Көкпекті аудандарында салынып жатқан ірі өндірістер құрылысы - жаңа құс фабрикасы мен екі ет өңдеу кәсіпорны аграрлық сектордағы экономикалық өсімнің драйвері болатынын айтты.

Бұлар - Үржар ауданындағы қуаты жылына 30 мың бас құс өсіретін фабриканың, Аягөз ауданындағы («Еуразия Агрохолдингі») 10 мың қой етін және 12 тонна сиыр етін және Көкпекті ауданындағы қуаты 6 мың тоннаға дейін сиыр етін өңдейтін («Елімай Көкпекті») екі жаңа ет өңдеу кәсіпорындары.

Әкімнің айтуынша, «бұрын жасалған жұмыстарды есепке алғанда, бұл 31,5 мың тоннаға дейін немесе 10 мың тонна өсіммен ет өндірісінің қуатты шикізат базасын жасауға мүмкіндік береді».

453 рет қаралды

Пікір жазу