"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА КҮННЕН ҚУАТ АЛАТЫН СТАНСА САЛЫНБАҚ

Дүйсенбі, 29 Ақпан 2016 07:11

 

Жамбыл облысы Жуалы ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуының өткен жылғы қорытындысы және Елбасының жолдауы мен «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асыру аясындағы алдағы жұмыстар жайлы аудан әкімі Батырбек Күлекеев баяндады. «Жуалы ауданы - аграрлы аймақ, сондықтан негізінен ауыл шаруашылығын дамытуға ден қойылады. Өткен жылы ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 18,17 млрд. теңгені құрады, басым бөлігі мал шаруашылығына тиесілі», - деді аудан басшысы. Б. Күлекеев 2015 жылы кәсіпкерлер 5,5 млрд. теңгенің өнімін өндіріп, қызметін көрсеткенін атап өтті. Бюджетке 169,3 млн. теңге түсті. Жуалы ауданында тіркелген 3 480 кәсіпкерлік субъектінің 98,5% істеп тұр. Бұған мемлекеттің көрсеткен қолдауы зор болды, дейді әкім.  2015 жылы негізгі капиталға құйылған инвестициялар көлемі 19,38 млрд. теңгені құрады. Бұл 2014 жылдың сәйкес мерзімімен 107,5% артық. Қолданысқа берілген тұрғын үйдің жалпы көлемі 1,5% артып, 8,6 мың шаршы метрді құрады. 120 орындық орта мектептің құрылысы аяқталды. Қошқарата ауылында 180 орындық мектеп салынып жатыр. «Еңбекпен қамтудың жол картасы - 2020» бағдарламасы бойынша үш мектеп пен бір балабақша жөнделді. Автомобиль жолдарының орташа және ағымдағы жөндеу жұмыстарына 217,1 млн. теңге бөлінді, - деді аудан әкімі.
Өткен жылы индустриалдық-инновациялық даму бағдарламасы бойынша құйылған инвестициялар есебінен күн көзінен қуат алатын қуаттылығы 50 МВт құрайтын «Бурное Солар-1» электр стансасы салынды. Жуалы ауданының тұрғындары үшін егіс алқабын суару мәселесі өзекті. Көксай каналын іске қосумен бұл мәселе ішінара шешілді. 2015 жылы еңбекпен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне жұмыссыз ретінде 1921 адам тіркелді, 1591-і жұмыспен қамтылды.

525 рет қаралды

Пікір жазу