"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАНДА ЖАҢА КЕШЕН САЛЫНБАҚ

Бейсенбі, 03 Наурыз 2016 12:57

 

ОҚО –ның Созақ ауданында мал шаруашылығын дамыту кешені салынбақ. Аталмыш аудандағы мал шаруашылығын дамыту бағытында жүргізіліп отырған жоба аясында бордақылау ғимараты, жем-шөп дайынтайтын цех, қосымша мал дәрігерлік лаборатория мен мал сою алаңшалары салынады деп жоспарлануда. Бұл туралы ОҚО әкімінің баспасөз қызметінен хабарлады. Мұндай келісім аудан әкімі М.Исаев пен «КАТКО» БК ЖШС-нің бас директоры Ж.Фриске және ҚазҰАУ ғалымдарымен үш жақты кездесу барысында жасалды. Осылайша, Созақ ауданындағы аталмыш кешенге «КАТКО» біріккен кәсіпорны ЖШС-і асыл тұқымды ірі қара малын асылдандыру бойынша 400 млн. теңге көлемінде инвестиция құймақ. «Ірі қара мал етінің экспорттық әлеуетін дамыту» бағдарламасы шеңберінде салынатын нысанның құрылысы таяу арада басталады деп күтілуде. Созақ ауданының әкімі М.Исаев мал шаруашылығын дамытуға арналып салынатын кешеннің аудан экономикасына серпін беріп, жергілікті тұрғындардың жұмыспен қамтылуына септігін тигізетінін айттты. Ал «КАТКО» БК ЖШС-нің бас директоры Ж.Фриске аталған француздық кәсіпорынның Созақ ауданына түрлі әлеуметтік көмектер көрсетіп келе жатқанын хабарлап, серіктестіктің бұдан былай ауыл шаруашылығына қатысты жобаны қаржыландыратынына қуанышты екенін жеткізді.

399 рет қаралды

Пікір жазу