"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ ЕКІ АУДАНҒА ТАПСЫРМА БЕРДІ

Бейсенбі, 03 Наурыз 2016 13:06

 

Бүгін Жамбыл облысы әкімі Кәрім Көкрекбаев Мойынқұм ауданында жұмыс сапарымен барды. Облыс басшысы бұл сапарында құрылыс жұмыстарының барысын және ірі кәсіпорындардың жұмысын, денсаулық сактау және білім беру  нысандарын аралап көрді.  Аймақ басшысы «Жамбыл өндірістік цемент компаниясы» ЖШС-де және «Хантау» цемент зауыттарының жұмысымен танысты. Кәсіпорын басшыларымен өндіріс барысында жергілікті және қазақстандық үлесті қамтамасыз ету бойынша  үшжақты меморандумға қол қойылды.  Бүгінде зауыттар  толық өндірістік қуаттылыққа ие. Мыңарал цемент зауыты Үдемелі индустриалды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы арқылы жүзеге асқан өндіріс орнының жалпы құны - 34,9 млрд. теңге. Өндірісте 243 адам жұмыс жасайды. Орта Азиядағы ірі зауыттардың бірі болып саналатын бұл жобаның қуаттылығы жылына 1200 мың тонна цемент құрайды. Ал 2015 жылы  зауыт 1340,7 мың тонна өнім шығарды.   «Хантау» цемент зауыты өндіріс қуаттылығы жылына 500 мың тонна цементті құрайды. Тағы айта кетерлігі, зауыт 8,2 млрд. теңгеге заманауи технологиялармен жабдықталған. Сонымен қатар, Кәрім Көкрекбаев бірқатар әлеуметтік нысандарда болды. Шығанақ ауылындағы құрылысы жүріп жатқан 140 орындық  балабақшамен танысты. Бүгінде жұмыстың 80 пайызы орындалған. Азық-түлік бағасының бір қалыпта болуы үшін жергілікті атқарушы органдарға тапсырма берілді. Жұмыс сапары барысында облыс басшысы көктемгі су тасқын алдын алу бойынша  «Радай» өзегіндегі су реттейтін гидроқұрылғыны көрді. Қойылғанына 1 жыл өткен соң   су мөлшерінің көбеюінен сыр берген құрылғыны қайта қалпына келтіру үшін мердігерге тапсырма берді.  Облыс басшылығы жұмыс сапарын  Шу ауданында жалғастырды. Кәрім Көкірекбаев Шу қалалық 280 адамға арналған ауруханасының жұмысымен танысып,  қалада соғылып жатқан спорт кешенінің құрылысын аралап көрді. Спорт кешенінің құрылыс 2014 жылдың 2-ші жарты жылдығында басталған. Жобаны іске асырушы мердігер компаниясы – «BBР Сompany» ЖШС. Жобалық құны 400 млн. теңгені құрайды. Спорт кешенінің құрылысы ағымдағы жылдың екінші жарты жылдығында аяқталып  пайдалануға беріледі. Облыс әкімі Тасөткел су қоймасының жағдайымен танысты. Жобалық сиымдылығы 620 млн. текше метрді құрайды.   Нақты жиналған су көлемі  330,7 млн. текше метр - 53,3%-ға толған. Сондай ақ, Шу қаласында орналасқан екі жеке кәсіпкерлердің жылыжай кешені мен көкөніс қоймасын аралады. Кәсіпкерлер өз қаражаттарымен жылыжай кешеннің және көкөніс қоймасының  жұмыстарын жүргізіп, 40 адамды жұмыспен қамтамасыз етіп отыр.   Аймақ басшысы сапар соңында мемлекеттік-жекеменшік негізде соғылып жатқан 150 орындық "Арайлым" балабақшасына барды. Бүгінде нысанда ішкі әрлеу жұмыстары жүргізілуде.

402 рет қаралды

Пікір жазу