"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА ЖАҢА ЕТ КОМБИНАТЫ ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ

Бейсенбі, 03 Наурыз 2016 14:19

 

Жамбыл облысында ет өңдеу комбинаты іске қосылады. Бұл туралы өңірлік орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Жамбыл ауданының әкімі Мәден Мұсаев мәлім етті. Әкімнің айтуына қарағанда, Бектөбе ауылындағы «Оңтүстік Халал тағамдары» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ет комбинаты наурыз айының соңында іске қосылады. Жобаның құны 2,3 млрд теңге, өндіріс қуаты - тәулігіне 40 тонна өнім шығарады. Жоба толық іске қосылған соң жаңа 153 жұмыс орны ашылатын болады. Қазіргі таңда құрылыс жұмысы толық аяқталмаған, онда 85 құрылысшы еңбе етіп жүр.
Нысанға 2,1 млрд теңге инвестиция салынған.

427 рет қаралды

Пікір жазу