14Желтоқсан2017

"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

ШҚО–ДА БІЛІМ БЕРУ МЕН ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ НЫСАНДАРЫН ЖӨНДЕУ АРТАДЫ

Бейсенбі, 03 Наурыз 2016 14:21

 

Шығыс Қазақстанда 2016 жылы «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бойынша «Жаңару» бастамасы аясында 149 білім беру және 76 денсаулық сақтау нысанына жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр. Бұл туралы ШҚО әкімдігінің баспасөз қызметінен хабарлады.  Жалпы, 2016 жылы «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы бойынша 3 млрд теңгеге әлеуметтік маңызға ие 229 нысанға жөндеу жұмыстары жүргізілмек.  ШҚО әкім Даниал Ахметов қаржыны бөлу кезінде білім беру және денсаулық сақтау нысандарының ең алдымен жағдайын жақсартуды ескеру қажеттілігін атап өтті. 141 мектеп, 5 колледж және білім берудің өзге 3 нысандарының жөндеу жұмыстарына 2,2 млрд. теңгеден астам қаржы бөлінеді.  772 млн. теңге қаржыны құрайтын 57 отбасылық-дәрігерлік амбулатория мен акушерлік пунктерге,  15 ауруханаға, 3 емханаға жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Сонымен қатар 4 мәдениет пен спорт нысандары толық жөндеуден өтеді. Айта кетсек, 2015 жылы облыста 10 денсаулық сақтау нысаны қолданысқа берілді. Олар - облыстық қан орталығы, Өскемен қаласындағы оңалту орталығы, Семей қалалық жедел жәрдем станциясы, 7 ауылдық дәрігерлік амбулатория.

468 рет қаралды

Пікір жазу