"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

МАҢҒЫСТАУ ӘКІМДІГІ «ДАМУ» ҚОРЫМЕН МЕМОРАНДУМ ЖАСАДЫ

Жұма, 04 Наурыз 2016 05:11

 

Бұл туралы облыстық кәсіпкерлік және сауда басқармасы мен «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ Маңғыстау облыстық филиалының басшылығы бірлесіп ұйымдастырған баспасөз мәслихатында мәлім болды. Меморандумда Маңғыстау облысындағы туризм саласындағы кәсіпкерлікті қолдау бағдарламасын бірлесіп жүзеге асыру қарастырылған.  Бұл үшін тараптар (әкімдік және «Даму» қоры) несиелік шартқа қол қойды. «Бұл несиелік шарт 300 млн. теңге сомамен қамтамасыз етеді», - деп атап өтті Маңғыстау облыстық кәсіпкерлік және сауда басқармасының басшысы  Венера Мұстапаева. «Сондай-ақ «Даму» қоры өз қаражатынан 600 млн теңге бөледі. Осылайша,  бағдарлама бюджеті 900 млн теңгені құрайды. Ол екінші деңгейлі банктерге орналастырылады. Банктер сол қаржы арқылы туризм саласындағы кәсіпкерлерге жеңілдікпен несие береді. Жылдық сыйақы мөлшерлемесі 7,8 пайызды құрайды, несиенің максималды сомасы - 180 млн теңге», - деп атап өтті «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ Маңғыстау облыстық филиалының директоры Берік Нұрғалиев.

438 рет қаралды

Пікір жазу