"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА СУ ТАСҚЫНЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ БАСТАЛДЫ

Жұма, 04 Наурыз 2016 07:18

 

Алматы облысының әкімдігінде облыс әкімінің бірінші орынбасары Махаббат Бигелдиевтің төрағалығымен көктемгі су тасқыны мен селден қорғау мәселелеріне арналған «Көктем-2016» командалық-штабтық оқу-жаттығуларын пысықтауға арналған жиын өтті. Төтенше жағдай комиссиясының отырысында осы мәселе жан-жақты қаралып, тілсіз жаудың алдын алу және гидротехникалық құрылғылардың жай-күйі, еріген қар суы мен жаңбыр суларын қауіпсіз аймаққа бұратын каналдар мен арық жүйелерінің, сондай-ақ су қоймаларының сыйымдылығы мен таулы аймақтарда жиналған қардың мөлшері, жауапты қызметтердің дайындығы талқыланды, деп хабарлайды әкімдіктің баспасөз қызметінен. Жиын барысында Алматы облыстық ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасының басшысы Мұрат Боранбаев, «Қазселден қорғау», «ҚазГидромет», «Қазсушар» мекемелерінің өңірлік филиалдарының басшылары өз бағыттары бойынша қазіргі жағдайды баяндады. Баяндамашылардың сөзінен ауа райының біртіндеп жылынуына байланысты және үстіміздегі жылы таулы аймақтардағы қардың көлемі көпжылдық көрсеткіштен төмен түскендіктен, айтарлықтай қауіптің төнбейтіндігін аңғаруға болады. Дегенмен де облыс әкімінің бірінші орынбасары М.Бигелдиев қырағылық танытып, күнделікті су деңгейін бақылауда ұстауды, су қоймаларының жағдайын бақылауды, құзырлы мекемелердің өзара ықпалдаса жұмыс жүргізуін, байланыстың үзілмеуін қадағалауды және таулы аймақтардағы жағдайды үнемі назарда ұстауды, халықты алаңдатпау мақсатында жергілікті телеарнадан құзырлы мекеме басшыларының сұхбат жүргізіп, нақты жағдайды баяндауын тапсырды.

425 рет қаралды

Пікір жазу