11Желтоқсан2017

"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

ОҢТҮСТІКТЕ ТҮРІК ИНВЕСТОРЛАРЫ ІРІ ЖОБАЛАРДЫ ҚОЛҒА АЛҒАН

Жұма, 04 Наурыз 2016 08:35

 

Оңтүстік Қазақстан облысына Түркия елінің «Икителли» индустриалды аймағының қалаушысы басшылық еткен түрік кәсіпкерлерінен құралған делегациясы жұмыс сапарымен келіп, өңірдің инвестициялық мүмкіндіктерімен танысты. Сапар барысында «Akgun Insaat Makina Sanayi», «PlasWin», «TADES», «ES Ipekli Tekstil» компанияларының басшылары «Оңтүстік», Қазақ-Түрік индустриалды аймақтары мен «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағының жұмысымен танысты. Сондай-ақ, облыс басшылығымен кездескен түрік бизнесмендері оның ішінде сол елдің ірі тамақ өнеркәсіптерінің бірі саналатын «TADES» компаниясы өңірімізге кондитерлік фабрика салуға ниетті екенін білдірді. Аталған компания алғашқы кезеңде кондитерлік фабрикада попкорн, тәтті күлше және дайын таңғы ас өңдіруді жоспарлауда. Бұл сапар оңтүстікқазақстандық кәсіпкерлерінің Түркияға жасаған роудшоу барысында «Оңтүстік» және «Икителли» индустриалды аймақтар арасындағы келісім аясында жүзеге асып отыр. Бүгінде облыс әкімдігі мен «Оңтүстік» индустриалды аймақтарды басқарушы компаниясы» өңірімізге түрік инвесторларын тарту мақсатында белсенді жұмыс жасауда. Мәселен, Басқарушы компания осы мақсатта Түркияға 4 іс сапарын жүзеге асырып, онда Анкара, Ыстамбұл, Измир, Газиантеп, Адана, Коня, Анталя қалаларында бизнес-форумдар мен екіжақты кездесулер өткізді. Нәтижесінде өңіріміздің инвестициялық мүмкіндіктерін зерттеу мақсатында, түрік кәсіпкерлерінің белсенділігі артты. Яғни, осы жылдың алғашқы 2 айында Оңтүстік Қазақстан облысына 15-ке жуық түрік компаниясы келсе, өткен жылы 32 түрік компаниясы іскерлік саяхат жасаған.
Қазіргі таңда, алаңы 50 гектар болатын Қазақ-Түрік индустриалды аймағында, түрік инвесторларының қатысуымен 9 жоба жүзеге асырылуда. Бұдан бөлек, түрік инвесторларымен келіссөздер барысында 30 әлеуетті инвестициялық жобалардың тізімі анықталып, бүгінде осы жобалармен тығыз жұмыс жасалуда.

 

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

596 рет қаралды

Пікір жазу