27Қыркүйек2017

"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ЖАСЫЛ ЭКОНОМИКАҒА КӨШПЕКШІ

Сенбі, 05 Наурыз 2016 12:37

 

Қазір елімізде қажетті энергияның 80%-ы көмірмен өндіріледі. Баламалы энергия көздерінің үлесі ірі су электр стансаларын қоспағанда тек 0,2%-ды құрайды. Бұл көрсеткішті 2020 жылға дейін 3%-ға жеткізу жоспарланып отыр. Жамбыл облысында сенаторлар көшпелі кеңес өткізіп, энергия көздерін дамыту мен еліміздің жасыл экономикаға көшу жайы талқылады. Қазір осы салаға шетелдік инвесторларды тарту, инновациялық жобаларды қолдап, жалпы жасыл экономиканы дамыту үшін заңнамалық актілерге өзгертулер мен толықтырулар енгізілмек. Сапар барысында Сенат депутаттары елдегі жаңартылған энергия көздері саласындағы ең ірі күн электр стансасының жұмысымен танысты. Жылдық қуаты 50 мегаватты құрайтын күн электр стансасының құны 23,2 млрд теңге. Қуаныш Айтаханов, ҚР Парламент сенатының аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің мүшесі: - Заңға өзгеріс енгізгеміз. Сондағы мақсатымыз – осы алғашқы жылдары осы күн энергиясына, жел энергиясын пайдалану үшін экологиялық таза жасау үшін осыған мемлекет тарапынан субсидия беру мәселесі. Содан кейін біздің ақшамыздың бағамы өсіп жатыр ғой. Сол кездегі индексацияға байланысты қосымша қолдау көрсету мәселесі мемлекет тарапынан. Қазір осының төңірегінде жұмыс істеп жатырмыз.

740 рет қаралды

Пікір жазу